Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Интерндердің спартакиадасы

Интерндердің спартакиадасы

30 Қараша 2016

Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің интернатура факультеті универитеттің спорт клубына студент-интерндер үшін спорттық жарыс ұйымдастыруды ұсынды. Ұсыныс қолдау тапты және 25 қарашада ҚММУ Спорт клубы «Интерн - 2016» I спартакиадасын бастап кетті.

  Спартакиада Қазақстан Республикасының әнұранымен және тудың көтерілуімен салтанатты түрде ашылды. Жарысқа қатысушыларды «Yes-team» заманауи би тобы шығармашылық нөмірі арқылы құттықтады.

  Үш күн бойы «Терапия», «Хирургия», «Акушерлік және гинекология + Стоматология», «Педиатрия» және «Жалпы дәрігерлік тәжірибе» бағыттары бойынша факультеттің үздік спортшыларынан жиналған студенттік командалар үстел теннисі, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, баскетбол, волейбол және армрестлинг бойынша турнирде өздерінің шеберліктерін көрсетті. Спартакиадаға  «Интернатура» факультетінен 300 астам студент қатысты.

    Жарыстың жалпы командалық қорытындысы бойынша біріккен «Акушерлік және Гинекология + Стоматология» спортшылары III орынға ие болды. II орынға «Терапия» бағытындағы спортшылар ие болды. «Жалпы дәрігерлік тәжірибе» командасының спортшылары «Интерн - 2016» I Спартакиадасының жеңімпазы болып  танылды.

  Жарыстың барлық жеңімпаздары құрмет грамоталарымен марапатталды.

 

  «Интерн - 2016» спартакиадасының қорытынды кестесі

Командалар

В/бол

ер.

В/бол

әйел.

Б\бол

ер.

Б/бол

әйел

Дойбы

Шах

мат

Үстел

теннисі

Тоғыз

құмалақ

  Арм

рестлинг

Ұпайлар

Орындар

1

ЖДТ

  I

  III

  III

   I

  I

  II

  I

  IV

  IV

  34

  I

2

Терапия

  II

  IV

  I

  III

  II

  V

   II

   II

   I

  32

 II

3

АжәнеГ + Стом

  III

  I

  V

  IV

  V

  III

  III

  I

  II

  27

 III

4

Педиатрия

  V

  II

  IV

  II

  III

  I

  IV

  V

  IV

  24

 IV

5

Хирургия

  IV

  -

  II

  -

  IV

  IV

  V

  III

  III

  17

 V

Интернатура факультетінің СӨӨБК.


0
6648

пікірлер

пікір қалдыру үшін.