Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Халықаралық ғылыми–тәжірибелік конференция

Халықаралық ғылыми–тәжірибелік конференция

30 Қараша 2016

2016 жылғы қарашаның 23-24 жұлдызында  Астана қаласында Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі «Ақпараттық-аналитикалық орталық» АҚ ұйымдастыруымен «Үш тілді білім беру: ұлттық және халықаралық тәжірибе» атты халықаралық ғылыми –тәжірибелік конференция өтті.

  Әр түрлі мемлекеттерге үш тілді білім беруді енгізу тәжірибесімен АҚШ, Израиль, Бельгия, Қытай, Канада, Австралия, Ұлыбритания сарапшылары өз ойларымен бөлісті. Қазақстандағы  үш тілді білім беру дамуының нақты жолдары үлкен қызығушылық тудырды. Еліміздің бірқатар университеттері: Назарбаев Университеті, Әль-Фараби атындағы ҚазҰУ, С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің өкілдері өз баяндамаларын көпшілікке ұсынды. Біздің университет те шет қалған жоқ.

  Орыс тілі кафедрасының оқытушысы С.К.Исинаның басшылығымен «Стоматология» факультетінің 1 курс студенті Серикбек Жанабектің «Көп тілді білім беру-қоғам дамуының үдемелі факторы» атты баяндамасы дайындалды. Серикбек Жанабектің баяндамасы, өзі қазақ бөлімінің студенті болғанымен, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгеруі, сондай-ақ,  теориялық, тәжірибелік дайындығының жоғары дәрежеде болуы арқылы қызықты болды. Конференцияға қатысушыларға баяндаманың мазмұны және қойылған сұрақтарға берілген нақты жауаптар қызықты, әрі түсінікті болды. Студент өзінің жеке мысалында көп тілді білім беруде көптеген мүмкіндіктер мен бағыттар бар екенін көрсетті.  «Жалпы медицина» мамандығының шет тілдер кафедрасында білім алатын  1 курс студенті Молдағали Аяжан «Introduction of the Multilingual Education in Medical university» тақырыбына жазылған баяндамасын ұсынды (ғылыми жетекшісі - шет тілдер кафедрасының оқытушысы С.Х.Әлкен). Студенттің баяндамасы ағылшын тілінде дайындалды және медициналық университетке көп тілді білім беруді енгізу бойынша негізгі мағлұматты қамтыды. Жанабек пен Аяжанның ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде жоғары дәрежеде сөйлей алуы, сондай-ақ, олардың көп тілді білім беру аясында жаңа жетістіктер туралы танып-білуі аудиторияны бейжай қалдырмады.

  Сондай-ақ, орыс тілі кафедрасының оқытушылары С.К.Исина, А.Б.Насырова,  Ж.М.Омашева, шет тілдер кафедрасының оқытушысы  С.Х.Әлкен тәжірибелік оқу семинарларының жұмысына қатысты. Осындай конференцияларға қатысу тәжірибе алмасуға ғана емес, сондай-ақ, оқытушылардың үш тілді білім беруді енгізудегі күш-жігерін арттыруға мүмкіндік берді.


0
6750

пікірлер

пікір қалдыру үшін.