Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Облысымыз, мерейтойыңмен!

Облысымыз, мерейтойыңмен!

24 Қараша 2016

Тәуелсіздіктің 25 жылдығының мерейтойы қарсаңында, Қарағанды облысы өзінің 80 жылдығын атап өтуде. Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде осы оқиғаға арналған мерекелік концерт болып өтті.

  Концертті «Конферансье» үйірмесінің қатысушылары: Скендирова Азима, Ерсайын Мусабаев, Адина Игенбекова және Елназарбек Ракымбек жүргізді.

  Осы күні жиналғандар Жастармен жұмыс жөніндегі бөлімнің шығармашылық ұжымдарын өнерлерінен алған жақсы көңіл-күйге бөленді. Іс-шараға вокал, театр өнері және хореография жанрларынада  өздерін көрсеткен үздік белсенді және талантты студенттер қатысты.

    Концертті домбыра оркестрінің қатысушылары «Тартыс» күйімен ашты. Вокал үйірмесінің солисттері  «Туған Жер» және жаңа джаз стильінде жазылған «Ах Самара, городок» және «Туған Ел», «Sway» музыкалық композицияларын орындады. «Қаракөз» шығыс билері халықтық ансамблі және «Golden Step» театр биі өздерінің жаңа билері «Роза» және «Қазак вальсімен» жиналғандарды қуантты.

«Панджаби» фольклорлық тобы әсерлі  «Бхангра» биімен музыка тілінің көмегімен өздерінің эмоцияларын жеткізді.

  Көрермендер залдан  сергектік пен жағымды қуат алып көтеріңкі көңіл күйде шықты! 

 

Азима Скендирова

 «Конферансье»  үйірмесінің жетекшісі


0
6903

пікірлер

пікір қалдыру үшін.