Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Аймақтық студенттік форумы

Аймақтық студенттік форумы

22 Қараша 2016

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 2016 жылы 18 қарашада Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде өңірлік студенттік жастар жобаларының форумы өтті.

  Форумға «Жалпы медицина» факультетінің орыс тілі кафедрасында білім алатын мына студенттер қатысты: Данияр Базарбай(1-001 ЖМ), Чахар Шивам, Ваидья Ашиш, Тиаги Бримхан(2-002, 2-020 ЖМ).

    Форумда TED жобасының түрлі тақырыптары ұсынылды. TED жобасы (Технологиялар,ойын-сауық, жобалау) жаңа көптілді тұлғаны қалыптастыру және сөйлеу мәдениетіне еркін қол жеткізу мүмкіндіктер жасады. ҚММУ студенттері әділ қазылар алқасы тарапынан жоғары бағаланды. Чахар Шивам, Ваидья Ашиш, Тиаги Бримхан ІІ орынға ие болып және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Мұндай форумдар әртүрлі ЖОО-ның студенттерін біріктіреді және оларды одан әрі ғылыми зерттеуге ынталандырады.


0
6617

пікірлер

пікір қалдыру үшін.