Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Медиация – медициналық пікірталастың заманауи шешімі немесе қазіргі заманға сай болмыс жағдайында дәрігерді қалай қорғау керек

Медиация – медициналық пікірталастың заманауи шешімі немесе қазіргі заманға сай болмыс жағдайында дәрігерді қалай қорғау керек

17 Қараша 2016

Жаһандану үрдісінің басталуымен, әр түрлі мемлекеттердің медициналық қауымдастықтарының қарым-қатынастарын нығайту, барлық өркениетті әлемде  медициналық ортада науқастың заңды және жалпы зиялылығын арттыруға қатысты сот үрдістері  айтарлықтай өзгеріске ұшырауда. Егер осы уақытқа дейін құқық қолдану негізінде медициналық сұрақтар бойынша мәселелерді шешу шиеленіске жауап қатудың неғұрлым мәдениетті тәсілі болып саналса, қазіргі кезде сот орындаушы институт медициналық қоғамда болып жатқан трансформацияның нағыз жалғасы болып табылатын сын-тегеуріндер алдыңда қауқарсыз болып табылады. Науқастарға медициналық көмек көрсету кезінде кәсіби этика қағидасын бұзу кезінде, ақысыз сапалы медициналық қызмет алу кезінде, ақылы медициналық көмек көрсету келісімшарттың міндетті шарттарын орындамау кезінде, медициналық мекеме қызметкерінің еңбек заңдылығы  ережесін бұзу кезінде шиеленісті шешу медициналық мекеменің қаражаттық  жағдайына ауыртпашылық түсіреді және оның абыройына әсер етеді. Сонымен қатар, медицинадағы даулы жағдайларды сотқа дейін шешуге артықшылық беру шиеленісте оң нәтижеге тез жетуге мүмкіндік береді және медициналық мекеме үшін қаржылық шығынды азайтады, ал бастысы – науқастың денсаулығына байланысты оның талабын орындауға уақытша мүмкіндік пайда болады.

Сондықтан бүгінгі күні республиканың денсаулық сақтау саласының алдында тұрған өзекті міндет - пациенттермен, олардың туыстарымен қақтығыстарды сотқа дейінгі кезеңде олардың талаптарын ерікті түрде қанағаттандыру арқылы шешу. Осы принципті жүзеге асыру қақтығысты баламалы реттеу технологияларының бірі медиация арқылы мүмкін болды.  

2011 жылдың 28 қаңтарында Қазақстан Республикасының Президенті қол қойған «Медицина туралы» заңында  медиация институтын дауларды шешудің баламалы тәсілі ретінде енгізуге бағытталған.

Қараша айының 10, 11 күндері Астана қаласында Еуразиялық корпоративтік университетімен пациент – медұйым талаптарымен байланысты мәселелерді жаңа тәсілмен шешу шеңберінде,  медиативті құзыреттілік аясында "Медиациядағы медициналық даулар" тақырыбында медициналық ұйымдардың басшылары мен басшыларының орынбасарларына арналған семинар ұйымдастырылды, мұнда  ҚММУ медициналық орталығы бас дәрігерінің ішкі аудит бойынша орынбасары, ҚММУ неврология кафедрасының профессоры Т.Т. Киспаева қатысты.  

Семинарда «науқас - дәрігер», «науқас – медициналық ұйым» арасындағы дауларды шешу мәселесі көтерілді,  шеңберінде медицина саласында медиация жүйесін алдағы уақытта дамыту жоспарланып отырған нормативті-құқықтық база көрсетілді, медиация институтын республиканың денсаулық сақтау саласына енгізудің негізгі бағыттары айтылды, медициналық ұйымның заманауи басшысының медиативті құзыреттіліктерінің негізгі ережелері көрсетілді.

Семинар соңында сертификаттар берілді. 

Осылайша біздің елімізде қақтығыстарды реттеудің баламалы құралдарын дамыту, оның ішінде медиация да бар десек, әлемдік қауымдастықта өркениетті құқықтық жүйе үстемдік ететін әлемнің ең бәсекеге қабілетті елдерінің қатарына ену жолындағы маңызды қадам болып танылады. 

Киспаева Т.Т. 


0
6727

пікірлер

пікір қалдыру үшін.