Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Әлемді өзгертетін идеялар

Әлемді өзгертетін идеялар

16 Қараша 2016

8-9 қараша күндері Астанада «Әлемді өзгертетін идеялар» семинар-тренингі өтті.

 Бұл жоба Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.А.Назарбаевтың жаһандық бастамашылдықтарын зерттеуге бағытталған. Дәрістерді белгілі отандық ғалымдар, ғылым докторлары, профессорлар жүргізді, ал тәжірибелік сабақтарды Ұлт Көшбасшысы кітапханасының қызметкерлері өткізді. Екі күн бойы семинар қатысушылары ҚР Президентінің резиденциясына, Ұлттық мұражайға, опера және балет Театрына барды.

  Қатысушылар Назарбаев Орталығында оқудан өтіп, «Мемлекет басшысы Н.А.Назарбаевтың бес институционалды реформасы жүзеге асыру бойынша Ұлт Жоспары - 100 нақты қадам» курсын аяқтау туралы сертификатқа ие болды.

  Семинар қатысушылары ҚММУ ректоры Р.С. Досмағамбетоваға, жастармен жұмыс жөніндегі бөлімге және деканатқа семинарға қатысу мүмкіндігі үшін алғыс білдіреді.

Ж.М. Қуаныш

профилактикалық медицина,

биология және фармация факультеті

 СӨӨБК-нің төрағасы


0
6887

пікірлер

пікір қалдыру үшін.