Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Жемқорлықпен күрес

Жемқорлықпен күрес

01 Қараша 2016

24-қазанда Жастармен жұмыс жөніндегі бөлімі Қазақстан студенттерінің Альянсымен бірлесіп Қарағанды облысының жемқорлықпен күрес және мемлекеттік істер жөніндегі ҚР Агенттігінің өкілдері Дидар Смағұловпен және Мирас Қарғабаймен ҚММУ студенттерінің ақпараттық кездесуін өткізді. Сонымен қатар кездесуде оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор В.Б. Молотов-Лучанский қатысты.

Кездесуде студенттер 2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының жемқорлыққа қарсы стратегиясының басты ережесімен танысты. Стратегияның жемқорлыққа қарсы қызметі белсенді азаматтық позицияны қалыптастыруға және жемқорлыққа қарсы іс-шараларға жастарды қатысуға шақыру, қоғамда жемқорлыққа жол бермеу атмосферасын  құруға бағытталған.

Жемқорлықпен күрес және мемлекеттік қызмет істері жөніндегі ҚР Агенттігінің өкілі Дидар Смағұлов студенттерді агенттіктің басты бағыттарымен таныстырды. Студенттерге қоғамға жемқорлықтың әсерінің зияны туралы, өмірді өзін-өзі тану жолдарында жолдардың жоғалуы және өзгелердің армандарының  қалай жоғалып жатқандығы туралы роликтер көрсетілді.  Барлық қатысушыларға агенттіктің байланыс деректері көрсетілді және ЖОО жемқорлық фактілері туралы әр студент хабарлай алатын сенім телефонының нөмірі берілді.

  Өткізілген іс-шара ҚММУ студенттерінің арасында жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайтуға жағдай жасады.

Нурумбетова Фариза

  ҚММУ «Қазақстан студенттерінің Альянсы» СРҚ көшбасшысы


0
6526

пікірлер

пікір қалдыру үшін.