Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Сүт бездерінің ісігімен дүниежүзілік күрес күні»

«Сүт бездерінің ісігімен дүниежүзілік күрес күні»

01 Қараша 2016

26 - қазанда Сүт бездерінің ісігімен дүниежүзілік күрес күні. Жастармен жұмыс бөлімі KazMSA белсенділерімен осы күнге арналған іс-шараны өткізді.

Іс-шараның мақсаты – сүт бездерінің ісігін ерте кезеңінен бастап анықтауға назар аударту.

  Сүт бездерінің ісігі – қатерлі ісік, сау жасушаларының қатерлі ісікке айналуы.  Қазіргі таңда осы аурумен әлемде аз дегенде  әр оныншы әйел зардап шегеді. Диагнозды қоюмен байланысты адамға әсер ететін, еңсені көтертпейтін, әлеуеттік бейімделу мәселелері және емдеу шаралары жағымсыз.

  Іс-шара KazMSA медицина жастарының қауымдастығының міндеттері мен мақсаттары, оның құрылымына қысқаша саяхат жасаудан басталды. Одан кейін жиналғандар Сүт бездерінің ісігін ерте кезеңнен анықтау және алдын-алу шаралары туралы, ауру туралы ақпаратты қамтыған дәрісті тыңдады. Дәрістің соңында KazMSA белсенділері жиналғандармен командалық рухты көтеруге бағытталған бірнеше белсенді ойындарды ойнады. Іс-шараны қорытындылай келе, барлық қатысушылар өздері үшін көптеген қажетті және жаңа ақпараттармен танысқандарын бірауыздан айтты.



Тузел Улжанар

LC KazMSA-KSMU баспасөз-хатшысы


0
6727

пікірлер

пікір қалдыру үшін.