Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Жұмыс берушілерімен кездесу

Жұмыс берушілерімен кездесу

31 Қазан 2016

24 - қазанда біздің университетте «Қоғамдық денсаулық сақтау» және «Медициналық  -профилактикалық іс» мамандығының түлектері Қарағанды облысының ТҚҚД және ТҚҚБ өкілдерімен кездесті. Біздің университетке келгендер: Қарағанды облысының  Тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің тұтынушылардың құқығын қорғау бөлімінің басшысы Бахтияр Нуркен Галымтаевич, тұтынушылардың құқығын қорғау бөлімінің бас маманы Садыков Алишер Серикович, Қарағанды облысының Тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің персонал қызметінің бас маманы  Аппасова Сауле Жанаомировна, Қарағанды қаласының Қазбек би ауданының Тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасының  тұтынушылардың құқығын қорғау бөлімінің басшысы Капасов Нурасыл Балтабаевич.

Кездесу барысында түлектерге Тұтынушылардың құқығын қорғау жөнінде кішігірім видео көрсетілген. Мемлекеттік қызметке емтихан тапсыру жөнінде сұрақтар талқыланды. Тұтынушылардың құқығын қорғау саласында медициналық кадрлардың жетіспеушілігі жөнінде ТҚҚД өкілдері түлектерге хабарлады.

Түлектерге сонымен қатар мемлекеттік қызметке «Б» корпусындағы лауазымға орналастыру тестілеу бағдарламасы көрсетілді.

Түлектер  ТҚҚД жұмысқа тұру жөнінде, тұтынушылардың құқығын қорғау жөнінде сұрақтар қойды. Кездесу жылы және жайлы жағдайды өтті. Кештің соңында жұмыс берушілер студенттерге мемлекеттік қызметке емтиханды студент болып оқып жүрген кезде де тапсыруға болытыны жөнінде хабарлады және барлығына сәттілік тіледі.

Профилактикалық медицина, биология және фармация факультетінің деканаты


0
7549

пікірлер

пікір қалдыру үшін.