Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Кездесу орнын өзгертуге болмайды»

«Кездесу орнын өзгертуге болмайды»

28 Қазан 2016

Біздің университетте 2011 жылдан бері  ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлық белсенді түрде дамып келеді, осы академиялық ұтқырлықтың арқасында біздің студенттер жақын және  таяу шетелдерде білім ала алады. Сонымен қатар, біздің университетке оқуға Қазақстанның және шетелдің әр түрлі оқу орындарынан студенттер келеді. Профилактикалық медицина, биология және фармация факультетінде келген қонақтар үшін танысу шарасы дәстүрге айналды, бұл шара қонақтарға ҚММУ ішінде өздерін ыңғайлы сезінуіне және жаңа достар табуы үшін  ұйымдастырылған.

21 қазанда профилактикалық медицина, биология және фармация факультетінің СӨӨБК Оңтүстік мемлекеттік медицина академиясынан және Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінен келген қонақтар мен танысу  кешін ұйымдастырды.СӨӨБК төрайымы Куаныш Жулдыз қонақтарды біздің университеттің тарихымен және қазіргі күнімен таныстырып, студенттерге сәттілік тіледі.

Профилактикалық медицина, биология және фармация факультетінің белсенді студенттері өздерінің ән- күйлерімен, билерімен кештің сәнін келтірді, жақынырақ танысу үшін  студенттерге қызықты ойындар ұсынды. Біздің университеттің студенттері және қонақтар өзара сайысқа түсті және бір ұжым ретінде жұмыс істеуге мүмкіндік алды.

Барлық мамандықтардың 1- курс студенттерінің осы шараны ұйымдастыруға көмектесіп белсенді қатысқаны бізді өте қатты қуантты.

Кеш соңында шара жүргізушілері академиялық ұтқырлықпен келген қонақтарға сөз берді, қонақтар жағымды әсерлерімен бөлісіп, оқу барысында сәттілік, ғылыми жетістіктерге жетуді тіледі.

Заскалько Екатерина

Профилактикалық медицина, биология және фармация факультетінің СӨӨБК ақпараттық секторының жетекшісі


0
7388

пікірлер

пікір қалдыру үшін.