Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Дүние жүзілік өкпенің созылмалы обструктивті ауруларымен күресу күні (World Chronic Obstructive Pulmonary Disease Day, World COPD Day)

Дүние жүзілік өкпенің созылмалы обструктивті ауруларымен күресу күні (World Chronic Obstructive Pulmonary Disease Day, World COPD Day)

27 Қазан 2016

24 қазан 2016 жылы  Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің №1 ішкі аурулар кафедрасында «Жалпы медицина және стоматология» факультетінің 4 курс студенттеріResearch – based learning (RBL) қағидасын қолдану арқылы ғылыми жобаларын қорғады.

4-074э топ студенттері  Е.С. Донковцева, А.В. Самойлова, И.Л. Клецко, М.О. Здорнов«Информативность клинических вопросников в оценке функционального состояния больных с хронической обструктивной болезнью легких» тақырыбында ғылыми жоба ұсынды. Жобаның тақырыбы тегінен –тегін алынған жоқ. Себебі  біз ДДСҰ-ныңмәлімдеуіменДүниежүзілік спирометрия күніне (жыл сайын 14 қазанда) және Дүниежүзілік өкпенің созылмалы обструктивті ауруларымен күресу күніне (осы жылы 16 қарашада) байланысты ұштастырдық. ӨСОА – сырқаттылықтың (таралуы 40 жастан асқан адамдарда – әлемде 10,1%) және өлім-жітімінің (жыл сайын 3 млн-нан жоғары)өсуімен жүретін ауру және науқастар жасының 25 - 40 жас аралығында жасаруы жіті мәселе болып табылды.

Ауруды ерте диагностикалаудың алғашқы қадамы спирометрияны жүргізу мүмкіндіктері шектелген жағдайда стандартты сұрақнаманың көмегімен сауалнама жүргізу, сауалнамаларды саралау негізінде қауіп стратификациясын анықтау арқылы ауа ағымының жылдамдығын зерттеу үшін науқастарды таңдауболып табылады.

Біздің жобаның мақсаты -  ӨСОА бар науқастардың функционалдық жағдайын бағалауда CCQ, CAT, mMRC, SGRQ сауалнамаларын қолдану мүмкіндіктерін анықтау.

Зерттеулер Қарағанды қаласындағы Облыстық клиникалық ауруханасының пульмонология бөлімшесінде және Теміртау қаласының Орталық ауруханасының терапевттік бөлімшесінде жүргізілді.

Жоба  фото- және видеотүсірілімдерді қолданумен PowerPoint үлгісінде баяндалды. Алынған зерттеулер бойынша, қазіргі уақытта науқастар жасының жасаруына байланысты аурудың өсуін ескере отырып, клиникалық сұрақнамаларды ӨСОА бар науқастарды анықтау үшін және скринингтіктексерулерде қолдануға болады.

Біз осы бақытта жұмысымызды жалғастыруды және қосымша зерттеу нәтижелерін алда болатын студенттер конференциясында ұсынуға шешім қабылдадық.Дүниежүзілік өкпенің созылмалы обструктивті ауруларымен күресу күнін 16 қарашада Теміртау қаласындағы №4 емханада жарнама жүргізуді жоспарлап отырмыз, яғни ӨСОА туралы халықтың хабардарлығын, сауалнамалардың көмегімен  ӨСОА –ның таралуын бағалау бойынша скринингтік тексерулер жүргізу.

Біз СӨЖ аясындаRBL қағидасын қолданумен ғылыми жобаны орындауға кәсіби көмегін ұсынған, ғылыми жетекшіміз м.ғ.к., доцент А.М.Жусуповаға үлкен алғысымызды айтамыз. Айман Мақсұтқызының басқаруымен, біз электрондық  (Medline, Cochraine Library, PubMed, Google scholar және т.б.) және кітапханалық қорларды қолдана отырып, материалдар жинап, алынған ақпараттарды талдай отырып, оларды негіздеуді, ақпарат кеңістігінде жұмыс істеуді үйрендік.

№1 ішкі аурулар кафедрасында ұйымдастырылған осындай ғылыми зерттеулерде,кейбіреуі үшін алғашқы қатысулар, бұл мүмкіндіктер болашақта  бәсекелесуге қабілетті мамандар болуымызға, нақты клиникалық шешім қабылдау үшін расталған мәліметтерді сын бағалау қабілеттілігін арттыруға көмектеседі.

Е.С.Донковцева

ЖМ  4-074 топ старостасы


0
8608

пікірлер

пікір қалдыру үшін.