Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Дебютанттың сенімді нық қадымы

Дебютанттың сенімді нық қадымы

26 Қазан 2016

21 қазанда Кеншілер мәдениет сарайында дәстүрлі Қарағанды КТК лигасы «Күзгі кубок» болып өтті.

  Бұл турнир жылдан жылға облыс командаларының ең көңілді және зейінділерін  жинайды.  Биыл «Күзгі Кубок» шеңберінде облыстың жоғары оқу орындарынан 5 команда кездесті. Олардың арасында КарМУ, КарМТУ, КЭУ және «Үлкен жарылыстың теориясы» атауымен ұжым.

  Әзілқойлар фестивалінде ЖОО-дан «Клиника смеха» КТК командасының жаңа құрамында ойнады: Мусабаев Ерсайын (5-050 ЖМ, команда капиманы), Долинский Станислав (2-027 ЖМ), Қырықбаев Олжас (2-027 ЖМ), Шотоянова Бахыт (2-042 ЖМ), Гаврилов Юрий (2-032 ЖМ), Қайдаров Жоларыс (2-025 ЖМ), Хамитова Жансая (2-029 ЖМ), Балташев Әлішер (2-027 ЖМ) және Папуша Михаил. 

  Ойынның басты мақсаты көңіл-күйдің болуы және көрермендердің күлкісі. «Осенний кубок» барысында КТК қызықты миниатюраларды көрсетті және бірі бірінің шытырман сұрақтарына жауап берді. Команда өзекті мәселелердің бірі: оқытушылар және медиктардың жалақысы, жемқорлық және алдағы таңдау тақырыптарын қозғады.

  «Клиника смеха» командасы өздерінің миниатюрасында тәжірибе жинаушы дәрігерлер және студент-медиктардың өміріндегі қызықты сәттерді көрермендерге ұсынды. Біздің балалар КТК-нің «Разминкасын»қарсыластарының сұрақтарына үйлесімді көңілді, әзіл-ысқақпен жауап берді. «Музыкалық үй тапсырмасында» медиктар қазіргі кезді  он сегізінші жылдағы медицинамен салыстырған «Қойдың майы» әнін орындап таңдандырды.

  Үш конкурстың қорытындысы бойынша – «Приветствия», «Разминки» және музыкалық үй тапсырмасы, «Клиника смеха» екінші орынға ие болып, 2016 жылдың 2 желтоқсанында өтетін  финалды ойынға жолдама алды.  

Ал «Күзгі Кубок» «Үлкен жарылыстың теориясы» командасына бұйырды.

   Мусабаев Ерсайын (5-050 ЖМ).


0
6739

пікірлер

пікір қалдыру үшін.