Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
2017 жылдың бакалавр түлектерімен кездесуі өтті.

2017 жылдың бакалавр түлектерімен кездесуі өтті.

25 Қазан 2016

2016 жылдың 19 және 20 қазанында  Қарағанды ​​мемлекеттік медицина университетінде «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Медициналық-профилактикалық іс», «Фармация», «Мейірбике ісі», «Биология»  мамандықтары бойынша 5 курс бакалавр-түлектерімен клиникалық жұмыс және түлектерді жұмысқа орналастыру бөлімінің өкілдерімен отырысы өтті.

  Кездесу клиникалық жұмыс және түлектерді жұмысқа орналастыру бөлімінің бастығының орынбасары Ж.Қ. Сергекбаеваның сөзімен басталды. Іс-шара барысында Ж.Қ. Сергекбаева клиникалық жұмыс және түлектерді жұмысқа орналастыру бөлімінің жұмысы туралы баяндама жасады, маманды жұмысқа жіберу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, квота шегінде медициналық мамандықтар бойынша оқуға түскен ауыл (село) жастары қатарынан шыққан түлектердің, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде медициналық мамандықтар (бакалавриат) бойынша оқуға түскен білім алушы түлектердің жұмысты өтеуі жөніндегі міндеттен босату немесе міндетті тоқтату қағидаларын бекіту жөнінде айтып өтті.

Сондай-ақ, кездесу барысында, студенттер жұмысқа орналастыру бойынша өз сұрақтарын қоя алды және оларға жауап алды.

Клиникалық жұмыс және түлектерді жұмысқа орналастыру бөлімі.


0
6437

пікірлер

пікір қалдыру үшін.