Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қарағанды облысының травматолог-ортопед қауымдастығының отырысы

Қарағанды облысының травматолог-ортопед қауымдастығының отырысы

24 Қазан 2016

30 қыркүйек күні «Чайка» қонақ үйінде Қарағанды облысының травматолог-ортопед қауымдастығының отырысы болды. Конференцияның төрағасы облыстың штаттан тыс бас травматологы Е.Ж.Сембеков және кафедра меңгерушісі Т.М.Абиев болды. Баяндамамен жалпы хирургия және ортопедия кафедрасының профессоры Б.Е. Тулеубаев, сонымен қатар проф. Х.Ж. Мақажанов атындағы ТжООО дәрігер-ортопедтері баяндама жасады.

Баяндамалардың тақырыбы: «ҚР травматизмінің жол картасы», «Политравма кезінде көмек көрсетуді ұйымдастыру», «Күйік жарақатында аллотрансплантаттар қолдану», «HalluxValgus ». Осы конференция отырысына Қарағанды облысының барлық аудандарынан және жақын қалаларынан травматолог дәрігерлер, резидент травматолог-ортопедтер, кафедра үйірмесінің студенттері, 4 - курс студенттері болды. Баяндамалар жас дәрігерлер мен студенттерге өте ақпаратты және пайдасы зор болды деп ойлаймыз.

Жалпы хирургия және травматология кафедрасы ассистенті Д.Е.Абенов. 


0
6501

пікірлер

пікір қалдыру үшін.