Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Өмір – бұл менің өмірімдегі ең қымбаты!»

«Өмір – бұл менің өмірімдегі ең қымбаты!»

18 Қазан 2016

10 қазан, Бүкіләлемдік психикалық денсаулық сақтау күні, психология негіздері және коммуникативтік дағдылар кафедрасы психиатрия және наркология кафедрасымен және «Жалпы медицина» мамандығының 5 курс студенттерінің қатысуымен ҚММУГоголь көшесі, 36 корпусының 111 аудиториясында психикалық денсаулық сақтау фестивалі өткізді.

Психология негіздері және коммуникативтік дағдылар кафедрасында 5-039э,5-042э,5-059э 5-061э топ студенттері «Педиатриядағы психосоматикалық медицина» элективті пәнін оқиды, олар психосоматикалық медицина және психиатрияның психологиялық және психотерапевтік аспектілеріне үлкен қызығушылық танытты. Бұл күні осы керемет мерекені қызықты өткізу үшін олар креативті сценарий құрған. Жүргізушілер психикалық денсаулық, психологиялық денсаулықты сақтау әдістері туралы презентациялар ұсынды. «ҚР-да психиатриялық көмекті реформалау», «Дені сау тұлғаны тәрбиелеу» (орыс және қазақ тілдерінде презентациялар ұсынылған) атты шағын – лекцияларын психология негіздері және коммуникативтік дағдылар кафедрасының меңгерушісі Л.Л. Мациевская, «Менталды экология» лекциясын психиатрия және наркология кафедрасының меңгерушісі М.Ю. Любченко оқыды.

Студенттер өздері дайындаған ертегі сценарилері бойынша қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қойылымдар қойды, бұл ертегілердің мазмұны психосоматикалық бұзылулардың психикалық түзетулеріне әсерін тигізеді. Әрі қарай психиатрия және наркология кафедрасының ассистенті В.В. Столярова трансқа кіргізу сеансын жүргізді, ал 5 курс студенті фестиваль қонақтарын Джекобсон бойынша нейробұлшықеттік релаксация әдістемесімен таныстырды.

Студенттер тұлғаның психологиялық денсаулығы тақырыбында көптеген өлеңдер, әндер және әзілдер айтты. Аудитория кретивті безендірілген, студенттер екі кафедра оқытушыларына өз қолдарымен жасаған ашық хаттарын сыйлады. Психология негіздері және коммуникативтік дағдылар кафедрасының оқытушылары Н. Мак-Вильмс бойынша психикалық денсаулық критерилерін, психикалық денсаулық және психиатрия туралы афоризмдер, нақыл сөздер мен анекдоттарды да басып шығарып таратты.

Мереке жылы да шабытты атмосферада өтті, фестиваль қатысушылар мен қонақтарға ұнады. Психиатрия және наркология кафедрасының меңгерушісі М.Ю. Любченко бұл мерекені дәстүрге айналдырып, келесі жылдың 10 қазанында психологиялық және наркология кафедрасында тойлауды ұсынды.

Бұл шараның мәнділігі мен өзектілігі психикалық денсаулық мәселесі мен маңыздылығы туралы қоғамды ақпараттандыруды күшейту және психикалық көмектің сапасын арттыру үшін бүкіләлемдік психиатриялық ассоцияциясының инновациясымен келісілген қазіргі уақыттағы Қазақстанда психиатриялық қызмет реформасын өткізуімен көрінеді.

   


0
7024

пікірлер

пікір қалдыру үшін.