Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Студенттер қатарына қабылдау – 2016!

Студенттер қатарына қабылдау – 2016!

18 Қазан 2016

Студенттер қатарына қабылдау...Әрбір бірінші курс студенті жыл сайын оны асыға күтеді.

Студенттер қатарына қабылдау - бұл бірінші курс студенттерінің өміріндегі аса толқынысқа толы, маңызды және жарқын эмоциялармен естен кетпес әсерлерге толы кезең. Бұл жоғары оқу орындарындағы ең жарқын  дәстүрлердің бірі.

14 қазан күні бірінші курс студенттері үлкен және бірлігі жарасқан отбасының тең құқылы мүшелеріне, бірыңғай тұтас бөлшегіне айналды - олар енді ҚММУ студенттері.

Студенттер қатарына қабылдау рәсімі дәстүр бойынша қалыптасқан  салтанатты түрде студенттердің ант қабылдауын, Білім құдайы нышананың  алауын тапсыру мен театрландырылған  қойылымды қамтыды.

 Бірінші курс студенттерін құттықтау және сынақ кітапшасы мен білім кілтін табыстау үшін сахнаға ҚММУ-ң оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры, м.ғ.д., профессор В.Б. Молотов-Лучанский  мен жалпы медицина және стоматология факультетінің  деканы, м.ғ.к., доцент  К.К. Толеубеков шақырылды.

Биылғы жылы алғаш рет студенттер қатарына қабылдау рәсімінде бірінші курс студенттері үшін емтихан өткізілді. Оны салтанатты құттықтаудан кейін медициналық биофизика және информатика кафедрасының меңгерушісі, б.ғ.д., профессор Б.К. Койчубеков, клиникалық фармакология және дәлелді медицина кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к, доцент Ш.С. Калиева, қазақстандық стоматологтар қауымдастығының алтын медаль иегері, жоғары санатты стоматолог - дәрігер  М.Г. Тусбаев, терапевтикалық  және ортопедиялық стоматология кафедрасының ассистенті, жоғары санатты стоматолог - дәрігер Т.С.Сакенов, психология негіздері және коммуникативтік дағдылары кафедрасының оқу ісі жөніндегі меңгерушісі Г.С. Жакишева, ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының ассистенті  Б.Д. Аширбекова өткізді. Алғашқы болып дұрыс жауап берген студенттерге қонақтар естелікке кафедра атынан сыйлықтар табыс етті.

Бірінші курс студенттері қатысқан мерекелік шарада байқағанымыздай,  ҚММУ жас ұрпағы әртүрлі жанрларда дарынды, би және орындау шеберліктерімен  таң қалдырды. 

Студенттер қатарына қабылдау студенттер және университет үшін де таңғажайып  салт болып табылады. Кешегі талапкерлер енді мақтанышпен өздерін  Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің студенттеріміз дей алады. 

Жалпы медицина және стоматология факультетінің деканаты


0
7479

пікірлер

пікір қалдыру үшін.