Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Алиментариус Кодексі Комиссиясының 30 отырысы

Алиментариус Кодексі Комиссиясының 30 отырысы

14 Қазан 2016

2016 ж. 3 және 7 қазан қүндері Астана қаласында тамақ өнімдерінің стандарттарын енгізу және қолдану бойынша жұмысты үйлестіруші халықаралық ұйым болып табылатын CODEXAlimentariusкомиссиясының 30 мерейтойлық сессиясы өтті. Сессияда 52 елден келген  делегаттар қатысты. Комиссияға барлығы 190 мемлекет кіреді, оның ішінде Қазақстан Республикасы 2003 жылдан бастап бар.

Сессияның алғашқы күні азық-түлік қауіпсіздігі кодексінің тұрғысынан микробқа қарсы агенттер (AMR) үшін антибиотикке төзімділік мәселесіне арналды. CCEURO мүшелері өңірлік және жаһандық деңгейде AMR Кодексінің жұмысын  жетілдіруде көмектесе алатын сұрақтар шешті.  Ол азық-түлік тізбегінде AMR қарсы күрес, ұлттық, өңірлік және жаһандық ауқымдағы іс-шара және инновациялық шешімдерді талап етеді.

ҚММУ-ге Алиментариус кодексі секретариаты мен түрлі елдердің делегаттарына (Германия, Норвегия, Нидерланды, АҚШ, Түркмения, Грузия, Әзірбайжан, Болгария, Ресей, Украина, Беларуссия және т.б.) денсаулық сақтау деңгейінде аталған проблеманы болжауын ұсынды және «Антибиотикке төзімділік. Жаһандық проблемаға жергілікті көзқарас» тақырыбында баяндама жасады. Баяндаманы ҰПЗ ғылыми кызметкері А.В. Лавриненко ұсынды, ол өз баяндамасында Орталық Қазақстандағы антибиотикке төзімділік проблемасына база назар аударды.

Біз Кодекс Алиментариус 30 сессиясының ұйымдастырушыларына және осы шараға қатысуға мүмкіндік бергені үшін Қазақстан тұтынушыларының құқықтарын қорғау комитетіне  алғысымызды білдіреміз.


0
6576

пікірлер

пікір қалдыру үшін.