Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Мерекелік флеш-моб.

Мерекелік флеш-моб.

10 Қазан 2016

Қыркүйек айының 29 күні жастармен жұмыс жөніндегі бөлім  «Самұрық» СР мәдениет министрлігімен бірігіп, ҚММУ ұстаздарын мерекелерімен құттықтауға белсене кірісті.

Күздің қоңыр салқынына және суық жаңбырына қарамастан,аптаның  төртінші жұлдызында университетте көңілді атмосфера орнады. Себебі, бұл күні СР «Самұрық» СР-ның белсенді жастары сүйікті ұстаздарына ыстық лебіздерімен  мерекелік қойылымдарын ұсынды.

 Мерекелік концертті Алмас Жамаш (1-001 Био) өзінің ұстаздарға арнаған әнімен ашып берді. Концерт жүргізушілері Ильяс Сулейменов (2-029 ЖМ) және Талғат Аимбетов (3-002 ЖМ) кештің бірінші минутынан бастап-ақ қонақтарға жайдары көңіл-күй сыйлады. Ұстаздарымызға өздерінің өлең шумақтарын Шарипов Ильдар (2-025 ЖМ), Сыздыкова Ұлпан (1-002 ҚДС) шын көңілмен арнады.Ұстаздарымызға арнаған өлең шумақтары қонақтарымыздың жүрегінен үлкен орын алды.

Мерекелік іс-шараның ең үлкен дайындаған сыйлығы - «Самұрық» СР мәдениет министрлігі белсенді жастарының ұйымдастырған флеш-мобы. Осы іс-шараға дайындалу барысында мәдениет министрлігінің белсенділері бір апта ішінде би өнерінің қыр сырын меңгеруге тырысты. Әр түрлі жанрдағы музыкалар қолданылды: дәстүрлі әннен жаңа заманауи әуендерге дейін. Бәріміз күткеніміздей,  мерекелік концерт қонақтарымыздың көңілінен шығып, барлық қатысушыларға шын ниеттерімен қошемет көрсетті.

Толғанай Кошкинбаева

(«Самұрық» СР  мәдениет министрлігінің хатшысы)


0
6826

пікірлер

пікір қалдыру үшін.