Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Рахмет сіздерге, ұстаздар!

Рахмет сіздерге, ұстаздар!

10 Қазан 2016

30 қазан күні Ұстаздар күнін мерекелеу аясында жастармен жұмыс жөніндегі бөлім ҚММУ шығармашылық үйірмелерімен бірлесе университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы ардагерлерін және біздің қазіргі ұстаздарымызды құттықтауға арналған салтанатты концерт ұйымдастырды.

 Салтанатты рәсім домбыра оркестрі қатысушыларының орындауындағы «Балбырауын» күйімен ашылды. Жиналғандарға сәлемдесу сөзімен ҚММУ клиникалық жұмыс және үздіксіз кәсіби дамыту жөніндегі проректоры Б.Н.Көшерова шықты. Барлығын мерекемен құттықтай отырып, Бақыт Нұрғалиқызы ҚММУ еңбек сіңірген қызметкерлерін Қарағанды облысының мемлекеттік мекемелері атынан құрмет мадақтамаларымен және ҚММУ ректоры атынан алғыс хаттармен марапаттады.

  ҚММУ әнұранының орындалуы жиналғандарға қатты әсер етті.  «Жыр жауhар»  авторлық-ақындар клубының қатысушылары жиналғандарды өздері шығарған өлең жолдарымен құттықтады. Мерекелік концертті әншілер үйірмесінің қатысушылары «Ұстазым» әнімен жалғастырды.

Көрермендер өз әріптестері – ҚММУ оқытушысы Айзада Аханованың орындауындағы «Қайдасың сен?» әнін жылы қабылдады. «Қаракөз» хылықтық шығыс билер ансамблінің қыздары орындаған әсерлі «Тәжік халқының биі» ешкімді енжар қалдырған жоқ. «Golden Step» би театрының орындауындағы вальс және бірінші курс студенті Жәнібек Битеновтің орындауындағы «Я люблю тебя до слез» әні көрермендерге ұнады. Жиналғандарды «Этюд» шоу-балеті «Варенька» орыс халқының биімен қуантты.  Біздің қымбатты оқытушыларымыз Роза Бағланованың «Самара-городок» шлягерінің жаңа дыбыстауын Дана Ералиева мен Тоғжан Даулетованың  орындауында естіді. Біздің университет вокалшыларының орындауындағы «Бәріміз бірге» өлеңі кешті көтеріңкі көңіл-күймен аяқтады.   

Концерт соңында көрермендер барлық қатысушыларға ду қол шапалақтай отырып, ризашылықтарын білдірді.

 

Мәкенбай Қуат

«Самұрық» СР байланыс және

ақпарат министрлігінің хатшысы


0
6759

пікірлер

пікір қалдыру үшін.