Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті

Брейн ринг

06 Қазан 2016

25 қыркүйекте Қарағанды облыстық «Нұр Отан» партиясы филиалының ақ залында жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Брейн ринг» зияткерлік ойынының кезекті раунды болып өтті.

Ойынның тақырыбы: мемлекеттік қызметкелердің құқықтық ережесінің өзекті сұрақтарын айқындау.

Ойынға қаламыздың барлық ЖОО арасынан 6 команда қатысты. Барлық командалар турнирге өте жақсы дайындықпен келді. Ешқайсысы жеңісті қолдан бергісі келмеді, сондықтан, күрес оңай болмады.

Қарағанды мемлекеттік медицина университетінен турнирге  «Insight» пікірталас клубынан: Қасымов Азамат (2-004 Стом), Савин Никита (2-031 ЖМ), Сычева Кристина (2-027 ЖМ), Анвар Азамат (2-006 ОМ) және Раисов Шыңғыс  (2-010 ЖМ) қатысты.

Біздің студенттеріміз ұйымдастырушыларды жоғары білімдерімен қуантты және ҚММУ студенттері өй-өрістерінің медицина саласында ғана емес барлық салада дамығандығын дәлелдеді. ҚР заң шығару саласы бойынша үздік білім көрсете отырып, біздің командамыз кезекті турнирдің лауреаты атанды.

Барлық қатысушылар грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Фисенко Игорь (4-081 ЖМ)

 «INSIGHT» пікірталас клубының жетекшісі


0
6840

пікірлер

пікір қалдыру үшін.