Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Ұзақ және жайлы өмір сүріңіздер, қымбатты біздің науқастар!

Ұзақ және жайлы өмір сүріңіздер, қымбатты біздің науқастар!

06 Қазан 2016

БҰҰ Бас Ассамблеясы1990 жылғы 14 желтоқсаннан  бастап өздерінің 45/106 резолюциясында 1 қазандыХалықаралық қарттар күнідеп есептеп, қаулы қабылдады. (International Day of Older Persons). Басында қарттар күнін Европада атап өтілді, кейін Америкада, 1990 жылдардың аяғында бүкіл дүние жүзі атап өте  бастады. Бұл мереке Қазақстанда да жаппай аталып өтіледі! Бұл жақсы дәстүрге айналған, өйткені, бұл күні әрбір ұжым, үлкен өндіріс немесе шағын кәсіпорын болсын, зейнеткерлерді, бұрынғы қызметкерлерін қонаққа шақырып, оларға концерт ұйымдастырып, мерекелік үстел жасап, сыйлықтар беріп, қарт адамдардың үйлеріне барады!

Біздің ҚММУ Клиникаға кіріспе кафедрасы мереке қарсаңында №1ф  қалалық аурухана КМК базасының мейірбикелік күтім бөлімшесінде үлкен концерт ұйымдастырды. Мейірбикелік күтім бөлімшесі Қарағанды қаласында Пришахтинскіде бірінші рет ашылғанын білеміз және екінші жыл жұмыс істеп жатыр. Осы уақыт ішінде бөлімшеде мыңдаған адамдар күтім алды. Негізінен бұлардың көбісі әр түрлі себептермен күтім қажет ететін, бірақ та үй жағдайында күтім ала алмайтын қарт кісілер. Бірінші және екінші курс студенттері аурухананың медициналық қызметкерлеріне белсенді түрде көмектеседі. 

Бір мейірбике және екі санитарлық қызметкер барлығына қарауға, жеке-жеке көмектесіп, олармен сөйлесуге үлгермейтіні анық. Осы кезде біздің студенттердің көмегі өте қажет. Студенттер мереке қарсаңында бөлімшені безендіруді, концерт ұйымдастыруды, тәттілер сыйлауды өздері шешті.  Бұл жылы шетел факультетінің бірінші курс студенттерінің мерекеге қатысқысы келгендігі қуантты. Олар үнді өлеңдерін, әдемі билерін көрсетуге ұсыныс жасады. Бөлімшенің бас мейірбикесі келісімін берді, өйткені, көптеген әжелеріміз жас кезінде үнді фильмдерін көруге кинотеатрға барғандарын еске түсірді.

Жалпы айтқанда, концерт өте жақсы өтті: көрермендер шапалақтап, тағы да ән айтуға шақырды, үшінші курс студенті Бугибаев Арман музыкалық сүйемелдеумен С. Есениннің: «Ты жива еще моя старушка?» тақпағын оқыды, екінші курс студенті Агибаева А. көңілді өлеңдерін оқыды, әрі қарай ұйғыр, өзбек халық билері орындалды. Оқытушылар құрамы да қалыс қалмай, науқастарға сый-сияпат жасады. Концерт соңында кеңес уақытындағы сүйікті әндерден құралған попурри гитарамен орындалды. Барлығына өте ұнағаны сонша, науқастардың кеткісі келмеді. Медициналық қызметкерлер күнделікті біркелкі өмірлеріне мереке сыйлағаны үшін, студенттерге және оқытушыларға алғыс білдірді! Өз науқастарымыздың разы болғанын көптен көрмеген едік.

Шараның соңына қарай бірінші курс студенті Егорова В. жылап жіберді, мен одан неге жылағанын сұрағанымда, ол ауруханада жатқан қарт кісілерді аяғанын және бұл күні балалары үйіне алып кетпесе де, өздерінің ата-анасын, атасын, әжесін көруге келмегендігіне іші ашығандығын айтты.

 Менің де көңілім босады. Біздің студенттеріміздің осындай мейірімді, біреуге жаны ашитындығы қандай жақсы. Олардың ертең жақсы дәрігер болатындығына сенімдімін!

Клиникаға кіріспе кафедрасының ассистенті: Халмурадова С.Е.


0
7022

пікірлер

пікір қалдыру үшін.