Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Не? Қайда? Қашан?».

«Не? Қайда? Қашан?».

29 Қыркүйек 2016

25 қарашада «Шахтер» орталық стадионында«Не? Қайда? Қашан?» қалалық зияткерлік клубының кезекті отырысы болып өтті.

Қарағанды мемлекеттік медицина университетінен турнирге университетіміздің «Insight» пікірталас клубының қатысушыларынан құралған екі команда қатысты. Бірінші команданың құрамында: Фисенко Игорь (4-081 ЖМ)(капитан), Сычева Кристина (2-027 ЖМ), Қасымов Азамат (2-004 Стом), Жуманбаев Санжар (2-041 ЖМ) және Савин Никита (2-031 ЖМ). Сонымен қатар жаңадан келгендер командасында Ахметова Шолпан (3-064 ЖМ), Расульменов Анвар (2-042 ЖМ), Тлеукенов Тұрар (1-031 жМ) және Ловинецкий Константин (3-061 ЖМ) болды.

Турнирге әр қайсысында 6 қатысушыдан барлығы 30 команда қатысты.

Турнирдің үйлестірушісі қатысушыларды ойынның ережесімен қысқаша таныстырып өтті: үш раундттың әр қайсысында 30 сұрақтан; жауап беруге – 50 секунд; жауаптар қабылданған соң тоқталады және дұрыс жауап жарияланады.

«INSIGHT» пікірталас клубының командасы осы турнирге бірінші рет қатысып отырған жоқ, осы жолы да балалар ұйымдастырушыларды өздерінің жоғары білімдерімен қуантты.

ҚММУ командасы турнирдің жеңімпазы атанып үшінші рет «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік клубының «Үздік жас команда» атағына ие болды.

Турнирдің ұйымдастырушылары балаларды құрмет дипломдарымен марапаттады және жеңімпаз – командаға тәтті сыйлықтарды табыс етті.

  Фисенко Игорь (4-081 ЖМ)

 «INSIGHT» пікірталас клубыының жетекшісі


0
6899

пікірлер

пікір қалдыру үшін.