Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Алло, біз дарындыларды іздейміз!

Алло, біз дарындыларды іздейміз!

29 Қыркүйек 2016

17 қыркүйекте  Жастармен жұмыс жөніндегі бөлім  ҚММУ акт залында «Алло, біз дарындыларды іздейміз» жас дарындар дәстүрлі байқау-конкурсын өткізді.

Конкурсты өткізудегі басты мақсат - әр студентке қызығушылығы бойынша үйірмелерді тауып беруге көмектесу.

Шығармашыл ұжымдардың жетекшілері жиналғандарды өздерінің үйірмелері және клубтарының жұмысы туралы қысқаша айтып берді, сонымен қатар, таңдалған бағыт бойынша  суреттелген көрнекі презентацияны көрсетіп шықты. Презентация соңында студенттер тиісті дәрісханаларға барып, қызықтарған үйірменің қызметі  бойынша жеке сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.

Ұсынылған ұжымдардың саны, әдеттегідей, алуан түрлілігімен қуантты: «Golden step» театр биі, «Этюд» шоу-балеті, «Қаракөз» шығыс билері халық ансамблі, «Намыс» және «INSIGHT» пікірталас клубтары, «KazMSA» Қазақстан медицина жастарының қауымдастығы, Бастамашыл студенттер клубы, Хор ұжымы, Домбыра оркестрі, КТК командасының қазақ және орыс лигалары,  «Жыр жауһар» авторлық-поэзиялық клубы, «Жұлдыз» жастардың денсаулық орталығы , «KazMSA» Қазақстан медицина жастарының қауымдастығы, Театрлық өнер үйірмесі, Бейнелеу өнері үйірмесі, Вокал үйірмесі, «Yes Team» заманауи билер ұжымы және  «Конферансье» үйірмесі.

Үйірмелерге жаңадан жазылған студенттерге, тынымсыз еңбектенуді және үнемі жетіліп отыруды тілегіміз келеді, шығармашыл ұжымдардың жетекшілері атынан  сіздерді өз саламызға үйретіп, қолдан келгенше күш салатынымызға уәде береміз.

ТельмановАйдын

(«Конферансье» үйірмесі).


0
7039

пікірлер

пікір қалдыру үшін.