Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Клиникалық практикадағы инновациялық технологиялар

Клиникалық практикадағы инновациялық технологиялар

22 Тамыз 2016

2016 жылдың 08-12 тамызында Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде Қарағанды қ. және Қарағанды облысының медициналық ұйымдарының анестезиолог және реаниматолог, жедел медициналық көмек, емхана, акушер-гинеколог, хирург, травматолог, невропатолог және нейрохирург, кардиолог және терапевт, нефролог, экстракорпоральды детоксикация, трансфузиолог, инфекционист дәрігерлері үшін, сонымен қатар ҚММУ профессорлық-оқытушылық құрамына арналған «Клиникалық практикадағы инновациялық технологиялар» тақырыбы бойынша С.Ж. Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университетінің жедел және кідіріссіз көмек курсымен анестезиология және реаниматология кафедрасынының меңгерушісі м.ғ.к, профессор Ералина С.Н., сонымен қатар доцент - Исмаилов Е.Л. қатысуымен мастер-класс өткізілді.

Тыңдаушылар есеңгіреу халін (кардиогендік, гиповалемиялық), акушерлік қан кету, ми қан айналымының жедел жетіспеушілігін, миокард инфарктын емдеудің заманауи әдістерін,  қиын жағдайлар кезіндегі қауіпсіз трансфузионды терапияның және тиімді техниканы жүргізу бойныша білімдерін толықтырды.


0
7150

пікірлер

пікір қалдыру үшін.