Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Ақ жол, түлектер!

Ақ жол, түлектер!

10 Тамыз 2016

2016 жылы 7 шілде айында ҚММУ Акт залында «Жалпы медицина» және «Стоматология» мамандықтары бойынша интернатура түлектеріне салтанатты түрде диплом тапсырысы өтті.

Құттықтау сөзімен Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің ректоры профессор Р.С. Досмагамбетова сөйледі, соңында Раушан Султановна оқу озаттарына және қоғамдық жұмыспен белсенді айналысқан түлектерге дипломдарды тапсырды.

Сондай-ақ жас дәрігерлерді стратегиялық даму, ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры А.А. Тұрмұхамбетова, клиникалық жұмыс және үздіксіз кәсіби даму жөніндегі проректоры Б.Н. Көшерова, оқу-әдістемелік жөніндегі проректоры В.Б. Молотов-Лучанский, интернатура факультеті деканы В.Б. Ташкенбаева, кафедралар меңгерушілері И.Л. Копобаева, И.А. Скосарев, Б.Т. Тукбекова, Е.М. Ларюшина, Г.М. Мулдаева, Г.Ж. Мершенова, Е.М. Тургунов құттықтады. 

Марапаттау рәсімі түлектердің орындауындағы шығармашылық нөмірлермен суйемелделді, салтанатты шараның аяктауында түлектер ҚММУ ән  ұранын орындады, ән ұранды авторлары, Қарағанды мемлекеттік медицина институтінің түлектері, Хорошаш Аскар және Огай Сергей осы оқу жылы атап өткізілген «Alma mater-дің» 65 жылдық мерей-тойына сиға тартты.


0
8361

пікірлер

пікір қалдыру үшін.