Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Жалпы медицина» мамандығының бакалавриат түлектеріне дипломды табыстау салтанатты рәсімі.

«Жалпы медицина» мамандығының бакалавриат түлектеріне дипломды табыстау салтанатты рәсімі.

09 Тамыз 2016

28 және 29 шілде күні С.Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театрында «Жалпы медицина» мамандығының бакалавриат түлектеріне дипломды табыстау салтанатты рәсімі өткізілді.

Салтанатты рәсімге оқу-әдістемелік жұмыстар бойынша проректор, м.ғ.д., профессор Вилен Борисович Молотов – Лучанский, жалпы медицина және стоматология факультетінің деканы, м.ғ.к., доцент Қуатбек Қуанышбекович Төлеубеков, жалпы медицина және стоматология факультеті деканының оқу – тәрбие жұмыстары бойынша орынбасары Марал Куандыковна Елубаева, жалпы медицина және стоматология факультеті деканының орынбасары Айман Серикбаевна Байменова, профессорлық-оқытушылық құрам өкілдері, сонымен қатар ата-аналар мен «Жалпы медицина» мамандығының түлектері қатысты.

Бакалавриатты бітіру туралы дипломды барлығы 937 студент алды.

Үздік дипломға Үрістенова Айжан, Толеуова Зейне, Карабекова Маржан, Молдожанов Ильшат ие болды.

Салтанатты рәсімде бес жыл бойы жоғары білім көрсетіп, қоғамдық және спорттық шараларға белсенді қатысқан, республикалық және халықаралық деңгейде ғылыми жетістіктері бар студенттер ректордың алғыс хатымен марапатталды.

Өз құттықтау сөздерін клиникаға кіріспе кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Сауле Маутовна Кабиева, №2ЖКМК кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к. Гаухар Советовна Жумабекова, №2ЖКМК кафедрасының оқу бойынша көмекшісі Юлия Леонидовна Ганжула, №2 балалар аурулары кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Бибигуль Толеубаевна Тукбекова, Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының меңгерушісі Кудайберген Абаевич Темиргалиев, қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау кафедрасының доценті Алшынбай Камалович Султанов, бала жасындағы стоматология және хирургиялық стоматология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к., доцент Светлана Толеуовна Тулеутаева, биологиялық химия кафдрасының доценті Ольга Анатольевна  Понамарева білдірді.

Церемонияда Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестік орындаушысы (саксофонист) Сергей Михайлович Стефанович, республикалық байқаулардың лауреаты, көптеген облыстық байқаулардың жүлдегері, әнші Абдуалиева Балауса түлектерге музыкалық құттықтауларын жолдады.

Рәсім соңында түлектер ҚММУ әнұранын орындады.

Ақ жол, «Жалпы медицина» мамандығының бакалавриат түлектері!

Жалпы медицина және стоматология факультетінің деканаты

0
8790

пікірлер

пікір қалдыру үшін.