Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Стоматология» мамандығының бакалавриат түлектеріне дипломды табыстау салтанатты рәсімі

«Стоматология» мамандығының бакалавриат түлектеріне дипломды табыстау салтанатты рәсімі

01 Шілде 2016

24 маусым күні ҚММУ акт залында «Стоматология» мамандығының бакалавриат түлектеріне дипломды табыстау салтанатты рәсімі өткізілді.

Салтанатты рәсімге оқу-әдістемелік жұмыстар бойынша проректор, м.ғ.д., профессор Вилен Борисович Молотов – Лучанский, жалпы медицина және стоматология факультетінің деканы, м.ғ.к., доцент Қуатбек Қуанышбекович Төлеубеков, жалпы медицина және стоматология факультеті деканының орынбасары Айман Серикбаевна Байменова, профессорлық-оқытушылық құрам өкілдері, сонымен қатар ата-аналар мен «Стоматология» мамандығының түлектері қатысты.

Үздік диплом 5-005 тобының студенті Жадыра Жанамаевна Аширбековаға берілді. Бакалавриатты бітіру туралы дипломды барлығы 63 стоматолог алды.

Салтанатты рәсімде бес жыл бойы жоғары білім көрсетіп, қоғамдық және спорттық шараларға белсенді қатысқан, республикалық және халықаралық деңгейде ғылыми жетістіктері бар студенттер ректордың алғыс хатымен марапатталды, олар:  Сұлтан Серікмұратұлы Әлмұрат, Мерей Амандыққызы Бопан, Альжан Абаевич Жанабилов, Жадыра Жанамаевна Аширбекова, Асель Жанболатовна Бакирова, Валерия Валерьевна Вакуленко және Елена Анатольевна Завгородняя.

Дипломдарды табыстағаннан кейін, бала жасындағы стоматология және хирургиялық стоматология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к., доцент Светлана Толеуовна Тулеутаева, химия пәніне жауапты, х.ғ.к., доцент Ленина Михайловна Власова, терапиялық және ортопедиялық стоматология кафедрасының ассистенті Марат Галымович Тусбаев және практикалық денсаулық сақтау өкілі, стоматологиялық клиниканың бас дәрігері Айнур Сериковна Калина өз құттықтауларын білдірді.

Рәсім соңында түлектер ҚММУ әнұранын орындады.

Ақ жол, «Стоматология» мамандығының бакалавриат түлектері!


0
9335

пікірлер

пікір қалдыру үшін.