Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Психодиагностика: теория және тәжірибе»

«Психодиагностика: теория және тәжірибе»

30 Маусым 2016

2016 жылдың 13-17-маусымы аралығында ҚММУ-да «Психодиагностика: теория және тәжірибе» (54 с.) мастер-класы өтті.

Мастер-кластың жүргізушілері:

Блок Ольга Григорьевна- Е.А Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеті психология кафедрасының аға оқытушысы.

Мациевская Лариса Леонардовна – м.ғ.к., доцент, ҚММУ психология негіздері және коммуникативтік дағдылар кафедрасының меңгерушісі.

  Мастер-класта тұлға психодиагностикасы, танымдық үдерістер, клиникадағы және бастапқы медициналық-әлеуметтік көмек кезеңіндегі психодиагностика мүмкіндіктері мәселелері оқытылды. Клиникалық психология саласындағы белгілі маман Ольга Григорьевна Блок қорытындыларды талдау, психодиагностикалық зерттеулер дизайнын жасау тәжірибесімен бөлісе отырып, тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді. Тыңдаушылар Ольга Григорьевнаға алғыстарын білдіріп, келесі мастер-класқа тұлғаның психодиагностикасының өзгешеліктерін зерттеу туралы ұсыныстарына назар аударуға тілектерін білдірді.


0
7861

пікірлер

пікір қалдыру үшін.