Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Кідіріссіз жағдайлар. Диагностиканың және шұғыл көмек көрсетудің заманауи аспектілері

Кідіріссіз жағдайлар. Диагностиканың және шұғыл көмек көрсетудің заманауи аспектілері

30 Маусым 2016

Карағанды қаласы Облыстық жедел медициналық көмек көрсету  станциясының  базасында 13 – 17 маусым  аралығында №1 жедел және кідіріссіз медициналық  көмек көрсету кафедрасы "Кідіріссіз жағдайлар. Диагностиканың және шұғыл көмек көрсетудің заманауи аспектілері" тақырыбында  мастер-класс өткізді.

Мастер-класты өткізу мақсаты - ауруханаға дейінгі кезеңде ересектер мен балаларда анағұрлым жиі кездесетін ургентті жағдайларда диагностика мен шұғыл көмек көрсетудің заманауи әдістеріне үйрету.

Оқытуды  бастамас бұрын қойылған мақсаттарды атап өтсек, этиологияның, патогенездің, жіктелудің, клиника және жедел жәрдем дәрігерлерінің тәжірибесінде  жиі кездесетін ургентті  жағдайлар кезіндегі шұғыл көмек көрсетудің заманауи аспектілерін мазмұндау, сонымен қоса, тыңдаушыларды шұғыл көмек көрсетудің негізгі шараларына оқыту мақсаты мастер-класс  соңында орындалды. 

Ж9мыс интерактивті оқу әдісімен жүргізілді. ҚММУ практикалық дағдылар  орталығында  тыңдаушылар Sim Men жоғарғы технологиялық манекенмен, практикалық дағдыларды ларингоскопия әдісімен, интубация трахеясы, дефибрилляциямен жүрек-өкпе  реанимациясын  жүргізуді үйренді.

Мастер - кластың соңында тыңдаушылар диагностикалау мен  шұғыл көмек көрсетудің инновациялық әдістері туралы, жедел жәрдем дәрігерінің тәжірибесінде ауруханаға дейінгі кезеңде жиі кездесетін ургенттік жағдайларда  шұғыл көмек көрсету шараларының негізгі аспектілері туралы толық мағлұмат алды.

№1 жедел және кідіріссіз медициналық көмек көрсету кафедрасы


0
7596

пікірлер

пікір қалдыру үшін.