Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасындағы Рәміздер күні.

Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасындағы Рәміздер күні.

16 Маусым 2016

Жыл сайын 4 маусым күні Қазақстан Республикасының рәміздер күні атап отіледі. Мемлекеттік рәміздер, тәуелсіздіктің белгісі ретінде студенттердің патриоттық тәрбиесі мәселесінде үлкен рөл атқарады.

  Егеменді Қазақстанның символикасы  тәуелсіз мемлекет идеологиясының, оның тарихи дамуы, ойлауы мен философиясының негізгі бағыттары ретінде көрініс табады, қазақ халқының  және көп этностық қоғамның тәуелсіз даму жолы, бостандығы туралы ғасырлар бойғы арманының жүзеге асқандығының белгісі болып табылады. Сондықтан, бұл іс-шара студенттердің  патриотизмі мен өз еліне деген махаббат сезімін қалыптастыруға ықпал етеді.

  Осыған орай,  Қазақстан тарихы және әлеуметтік -саяси пәндер кафедрасы ҚММУ-нің заң бөлімінің қызметтері Асил Ахметовамен бірлесе, Қазақстан Республикасының рәміздер күніне орай арнайы іс-шаралар ұйымдастырды.  Кафедра оқытушылары, доцент А.Т. Молдашева және аға оқытушы Г.Г. Алиева ЖМ 1 курсының 1-017 және 1-038 топтары студенттерімен «Рәміздеріміз - ұлы құндылық»  тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Кафедра доценттері А.Е. Даниярова және А.Т. Молдашева ЖМ 1 курсының 1-024 және 1-038 топтары студенттерімен «Қазіргі заманғы Қазақстанның дамуының негізгі басымдылықтары. «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасы» тақырыбында студенттік пәнаралық ғылыми-теориялық конференция өткізді. Барлық қатысушы студенттер өз жұмыстарынан дайындықтың жоғары деңгейін көрсетіп, тақырыптың өзектілігін толықтай жеткізе білді.

Қазақстан тарихы және әлеуметтік –саяси

пәндер  кафедрасының аға оқытушысы  Рысбекова Б.Б 

0
7747

пікірлер

пікір қалдыру үшін.