Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Ақсораң шыңында.

Ақсораң шыңында.

15 Маусым 2016

2016 жылдың27 – 29 мамыры демалыс күндері Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасы оқытушылары тарих үйірмесі студенттерімен бірге (барлығы 14 адам)  Беғазы (Солтүстік Балқаш маңы) аймағының тарихи ескерткіштері –  тас мавзолейлерге саяхат жасады. Студенттер (1-7 курс ЖМ) мен оқытушылар  Қазақстан территориясындағы қола дәуіріне (б.з.д. 18-9ғғ.) арналған қысқа метражды бейнедәріске қатысты.

 Беғазы шатқалы.

Сапар барысында  Сары–арқа даласы мен барлық қазақ шоқыларының ішіндегі ең биік шыңы – Ақсораң басына сапар шегілді ( 1565 метрлік).

Биіктікке шығу қиындықтарына (таулы аймақ, тік жартастар, аптап ыстық) қарамастан, барлық қатысушылар сапарларымен қанағаттанды.

Ақсораң биігі. Қызылрай таулары. Қарағанды облысы.

Біз Қазақстан жерінің тағы бір қайталанбас орнын білдік, ол – Қызылрай таулары мен біздің аймақтағы қайталанбас тарихи көне ескерткіштері бар Беғазы шатқалы. 

Биіктікке шыққанда. Қар күртігінің басындағы демалыс.

Тау бұлағының басындағы демалыс.

09.06.2016 ж.

Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасының

аға оқытушысы  А.Б. Долгополов

Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасының

аға оқытушысы  Қ.М. Сисенгалиева


0
8662

пікірлер

пікір қалдыру үшін.