Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Биология мамандығы бойынша алғашқы магистранттардың сәтті табысты қорғалды

Биология мамандығы бойынша алғашқы магистранттардың сәтті табысты қорғалды

14 Маусым 2016

07.06.2016 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің қабырғасында алғаш рет кәсіби бағытта 6М060700 – Биология мамандығы бойынша магистрлік диссертациялар қорғалды. Диссертация тақырыптары микробиология, молекулярлық-жасушалық биология, гистология және иммунология саласының өзекті сұрақтарына арналды. Жұмыстар біздің университеттің жетекші мамандары: м.ғ.д., профессор И.С. Азизова, м.ғ.д., доцент М.А. Газалиева, б.ғ.к., доцент Б.Т. Есильбаева және м.ғ.к., доцент Р.Ж. Есимовалардың жетекшілігімен орындалды.

Алғашқы магистрант – түлектер Абдикаликова Дарина Ризабековнаға, Анис Кулчатқа, Соломадин Максим Валерьевичке жаратылыстану магистрі академиялық дәрежесі берілді. Алғашқы түлектерді сәтті қорғағанымен  құттықтаймыз және Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің дамып, өркендей беруiне тілектеспіз. 


0
8205

пікірлер

пікір қалдыру үшін.