Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

09 Маусым 2016

Мамыр айында қазақ тілі кафедрасында  «Қыран» клубының мүшелері болып табылатын бірінші курстар арасында  топтық  сайыс өтті. Ойын тақырыбы ҚР мемлекеттік рәміздер күнін тойлауға арналды. Тәуелсіздігіміздің жарияланғанына 25 жыл толды. ҚР  азаматтары мен патриоттары бола тұрып, біз мемлекеттік рәміздерді құрметтеп, мақтан етуге тиістіміз.

Жарыс үш топтың арасында өткізілді, олар өз тобының атын, эмблемасын және ұранын ойлап тапты. Ойын төрт деңгейден құралды. Әрбір деңгейдің өз айырмашылығы болды, топтар үй жұмысын орындап, оған тамаша дайындалды.

Біріншіден, біз мемлекеттік рәміздердің қабылдау тарихын еске алдық. Бейнеролик көрсетілді. Кейін ойын басталды. Ойын барысында әрбір топ тапқырлығымен және білімімен  ерекшеленді .  Бәсеке жоғары болып, әр топ жеңіске жеткісі келді.Таңдау жасау төрешілерге қиынға соқты. Нәтижесінде, «Ер жүректер» тобы жеңіске жетті.

ЖМФ 1-040 топ студенті

Ж.А.  Булиндина

ЖМФ 1-040 топ студенті

Қ.Қ.  Мұхаметуәли 

0
8138

пікірлер

пікір қалдыру үшін.