Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Үздіктердің үздігі

Үздіктердің үздігі

06 Маусым 2016

Қазақстан Республикасының медициналық университеттері арасында жылда Денсаулық сақтау министрлігімен ұйымдастырылатын байқау өтеді. "Қазақстан Республикасының медициналық жоғарғы оқу орнының үздік түлегі " байқауы биыл Алматы қаласында 2016 жылдың мамыр айында  өтті.

Осы байқауға біздің ҚММУ-нен үш номинация бойынша 6 интерн түлек қатысты, олар: А.К. Ахметова, А.Т. Токишев, А.М. Пазылов, М.С. Амиров, Т.Т. Аманжол, Р.М. Латыпов.

Интерндер мамандықтары бойынша өз біліктіліктері мен кәсіби дағдыларын дәлелдеу керек болды : акушерия-гинекология, хирургия, терапия, жалпы дәрігерлік тәжірибе және педиатрия бағыттары. Бұл интерндер университетішілік конкурста үздіктердің үздігі болып танылып, 6 бағыт бойынша номинацияға иеленген.

Олар үш кезеңнен тұрған республикалық интерндер арасындағы байқауда өздерінің білімдерін  лайықты  көрсете алды. Әр кезеңде қатысушылар өздерінің біліктіліктерін, сонымен қатар, кәсіби дағдысын көрсетіп қана қойған жоқ, тұлғаның кәсіби даму қасиеттері есебінен оларды өз жұмысында іске асыру қабілетін  көрсетті.

Конкурс нәтижесі бойынша Қарағанды мемлекеттік медицина университеті екінші орынды иеленді.

Хирургия бағыты бойынша  екінші орынды иеленген  М.С. Амировты және "Үздік терапевт" атағына ие болған Т.Т. Аманжолды ерекше атап өту керек. Сонымен қатар, мақтауларға ие болған және өздерін лайықты көрсете алған интерндер  А.К. Ахметова, А.М. Пазыловты атап өту керек.

Біз бұларды  оқу орнымызды аброймен танытқаны және кәсіби біліктіліктерін жақсы меңгергені үшін мақтан етеміз. Өздерінің күрделі де, қызықты мамандықтарында  шеберлік шыңына жетті деп айта аламыз.

Интернатура факультетінің СӨБК


0
8644

пікірлер

пікір қалдыру үшін.