Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Сен жалғыз емессің»

«Сен жалғыз емессің»

02 Маусым 2016

«Қазақстан - 2050» стратегиясын жүзеге асыру шеңберінде «Сен жалғыз емессің» атты кезекті іс-шара өткізілді. Иммунология және аллергология кафедрасының оқытушыларымен бірге 2 курс студенттері даму мүмкіншіліктері шектеулі балаларға арналған балалар үйіне барып қайтты.

Бұл жоба балалар үйінің жеткіншектерімен қарым-қатынас жасау, араласуды көздейтінін естеріңізге сала кетейік. Бұл жобаның арқасында кішкентай балалар сырттан өздеріне дос табады және балалар үйі қабырғасынан бөлек орта өмірі туралы көбірек білу мүмкіндігіне ие болады, өзінің қажеттілігін, топтың бір бөлігі ретінде ғана емес, жеке тұлға ретінде сезінеді. Балада ортақ емес, тек «өзінікі» деген ой пайда болады.

Балалар үшін «Көңілді старт» ойыны өткізілді, содан кейін тәтті сыйлықтармен марапаттадық. Іс – шара Қазақстан Халқының Бірлігі күніне арналған болатын.

Іс-шараның мақсаты балаларды патриотизмге, бірлікке, Қазақстан Республикасының барлық халықтарына деген толеранттылық сезімге тәрбиелеу болып табылады. Балалар сияқты  студенттер де  риза болып, тағы келеміз деп уәде берді.

М.Р. Измайлович   Иммунология және аллергология

   кафедрасының ассистенті                           


0
8217

пікірлер

пікір қалдыру үшін.