Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ҚММУ жеңіл атлеттерінің зор жеңісі.

ҚММУ жеңіл атлеттерінің зор жеңісі.

25 Мамыр 2016

14 мамырда қалалық саябақта жалпы білім беру мектептері, колледждері, жоғары оқу орындары, сонымен қатар өндірістік ұжымдардың және қала ұйымдарының өкілдері командалары арасында «Көктемгі кросс» дәстүрлі жеңіл атлетикалық жүгірісі өтті. Жарыстардың ұйымдастырушысы Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт Басқармасы болды. 

  Қарағанды мемлекеттік медицина университеті атынан жеңіл атлетика секциясының тәрбиеленушілері:  Вячеслав Рогозин (5-115 ЖМ), Юрий Никулин (1-002 ҚДС), Бексұлтан Нургазиев (2-002 ЖМ), Шохжахон Мирзаметов (2-035 ЖМ), Мұхтар Анарбек (1-004 ЖМ), Жазира Оралбекова (2-015 ЖМ), Айнұр Койшибаева (4-100 ЖМ), Оксана Ребрина (3-069 ЖМ), Салтанат Нуржанова (2-020 ЖМ) және Салтанат Рахимберлина (2-082 ЖМ) шықты. Команданы жарыстарға медициналық реабитология және дене шынықтыру кафедрасының аға оқытушысы Даняр Мукушев дайындады.

  Бозбалалар 1 километр, бойжеткендер – 500 метр қашықтықта жарысты.

  Бірінші болып стартқа жалпы білім беру мектептерінің командалары шықты. Оқушылардың қатысуымен өткен кезең ең көпшілік болды. Ең көріністік жоғары оқу орындарының командалары арасындағы жарыстар болды. Осы жерде ең басты сенсация болды: ҚММУ жинақ командасы қажырлы күресте турнирдің фавориттері ҚарМУ командасын (құрамында Қазақстан және азия ойындарының чемпиондары бар) озып өтіп, облысымыздың жоғары оқу орындарының арасында бірінші орынға ие болды.  

  Жеңімпаз командасының барлық қатысушылары естелік медальдармен және мадақтамалармен марапатталды.

   ҚММУ спорттық клубы.


0
8367

пікірлер

пікір қалдыру үшін.