Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
V Халықаралық Ғылыми-Практикалық Конференция

V Халықаралық Ғылыми-Практикалық Конференция

25 Мамыр 2016

2016 жылдың29-30 сәуірiнде Баку қаласында (Әзірбайжан) "Медицинаның өзектi мәселелерi" атты V Халықаралық Ғылыми-Практикалық Конференция болып өтті. Іс-шараны Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті, «Астана медицина университеті» АҚ және Нижний Новгород мемлекеттік медицина академиясының ресми әріптестігiарқылы «Молодые Врачи Азербайджана»қоғамдық ұйымыұйымдастырды.

Қазақстан, Ресей, Украина, Белоруссия, Өзбекстан, Дағыстан елдерінің докторлары, клиникалық ординаторлары, интерндері, магистранттары, студенттері конференцияға қатысты.

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті атынан жалпы медицина факультетінің 5 курс студенттері, Балалар хирургиясы кафедрасының ғылыми үйірме мүшесі Темирбаев Даниар, №2 Хирургиялық аурулар және патологиялық анатомия кафедрасының үйірме мүшелері Кенжебай Әділет пен Кенесова Алуа қатысты.

Конференция аясында ТМД елдерінің жетекші мамандарының баяндамалары орыс және ағылшын тілдерінде тыңдалды. Жұмыстар медицинаның барлық өзекті тақырыптарына арналды, ғалымдармен қызықты кездесулер өтті, университет пен Баку қаласының көне тарихымен таныстық.

«Эндоскопическая коррекция аномалии Пузырно-Мочеточникового Сегмента» – атты жұмыс ұсынылды.

Осы жұмыс мамандарды қатты қызықтырды. Жас ғалымға жағымды тілектер айтылды. Зерттеу кафедраның профессоры М.С. Аскаров, м.ғ.к. Х.Б. Бисмильдиндердің жетекшілігімен орындалды.

Конференция соңында барлық қатысушыларға конференция жинақтары, сертификаттары берілді. Орындаған жұмыс Үздік зерттеу жұмысы байқауында Құрметті Бірінші орынға ие болды.

ҚММУ басшылығына, ректор, профессор Р.С. Досмагамбетоваға, ғылыми жұмыс жөнiнде проректор А.А. Турмухамбетоваға, ғылыми жетекшiме, кафедраның доценты, м.ғ.к. Х.Б. Бисмильдинге, кафедра меңгерушiсi профессор М.С. Аскаров басқаратын Балалар хирургиясы кафедрасының ғылыми үйірмесiне конференцияға катысуға мүмкүндік бергендері үшін алғысымды білдіремін.

Халықаралық конференцияға қатысу тәжірибесі ҚММУ студенттерінiң әлемнің үздік медициналықжоғары оқу орындарының өкілдерімен бәсекелесе алатынын көрсетеді.

Балалар хирургиясы кафедрасының үйірме жетекшісі, «Жалпы медицина» мамандығының 5-курс студенті Темирбаев Даниар.


0
8193

пікірлер

пікір қалдыру үшін.