Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Ауыз қуысының саулығы күні

Ауыз қуысының саулығы күні

25 Мамыр 2016

06.05.16 жылы жетекші Қ.С Мухтаровамен бірге стоматолог-интерндер «Ботакөз» балалар үйіне барып қайтты. Басты мақсат –әрбір балаға ерекше көңіл бөліп, балаларға кішігірім мереке ұйымдастыру. Интерндер кішкентай балақайларға «Ауыз қуысының саулығы күні» атты ойын ұйымдастырып, көңіл-күйлерін көтерді.

Осындай ойын арқылы студенттер балаларға ауыз қуысының тазалығына үйретті. Пері, қоян және басты кейіпкер- тіс сықпасы және тіс щеткасы балаларға тіс тазалаудың негізгі ережелерін айтып өтті. Ойын барысында, кез келген бала  макетте өздерінің тісті қалай тазалайтындарын көрсетті. Сонымен қатар,  интерндер құр қол барған жоқ, олар өздерімен бірге тәтті  тағамдар және ауыз қуысының гигиенасына арналған заттар алып барды. 

Борисов Рафаэль

Бахит Алтын

Соболева Валентина,

Касымов Марат,

Югай Алина

Жетекшісі: Қ.С. Мухтарова

Интернатурафакультетi


0
8489

пікірлер

пікір қалдыру үшін.