Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Жас ғалымдардың ғылыми байланыстарының жаңа көкжиектері

Жас ғалымдардың ғылыми байланыстарының жаңа көкжиектері

16 Мамыр 2016

29-30 сәуірде 2016 жылы Баку қаласында (Әзірбайжан) "Актуальные Вопросы Медицины" атты V Халықаралық Ғылыми-Практикалық Конференция өтті. Іс-шара Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті, «Астана медицина университеті» және Нижний Новгород мемлекеттік медицина академиясының ресми әріптестік бойынша «Молодые Врачи Азербайджана»қоғамдық ұйымымен ұйымдастырылды.

Басқа мемлекеттердің ғылыми әріптестерімен ынтымақтастықты арттырудың маңыздылығын түсіне отырып,  патологиялық анатомияның үйірме мүшелері өздерінің кәсіби деңгейін, бірнеше жыл аралығында орындаған ғылыми жұмыстарын барып көрсетуді шешті. Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің №2 Хирургиялық аурулар және патологиялық анатомия кафедрасыны 5-ші және 3-ші курстың студенттері Кенжебай Әділет пен Кенесова Алуа ұсынды. Олар өз ғылыми зерттеулерін кафедра профессоры Майда Масхаповна Тусупбекова, ҚР ПІБ МОА  бас хирургі профессор Серик Имакович Токпанов, ҚР ПІБ МОА  бас терапевті профессор Роза Агубаевна Бакенованың басшылығымен орындады. Жүргізілген кешенді зерттеулер жас ғалымдарға шығармашылық ізденіс негіздерін тануға ғана емес, сонымен қатар пульмонология және хирургияда сирек байқалатын аурулардың диагностикасының сапасын жақсарту жөніндегі клиникалық және морфологиялық критерийлерін әзірлеу мақсатында да жүзеге асырылған.

Конференция аясында ТМД елдерінің жетекші мамандарының баяндамалары орыс және ағылшын тілдерінде тыңдалды. Жұмыстары медицинаның барлық өзекті тақырыптарына арналды, ғалымдармен қызықты кездесулер өтті, университет пен Баку қаласының көне тарихымен таныстық. Біздің студенттер өз жұмыстарын келесі тақырыптар бойынша ұсынды: «Гистологические критерии верификации MALT-Лимфомы желудка», «Патогенетические и клинико-морфологические критерии диагностики саркоидоза».

Профессорлар Н.Т. Абатов, М.М. Тусупбекова, И.Н. Альбертон (Израиль), м.ғ.к. К.М. Смагулова жетекшілігімен докторанттар мен магистранттардың кешенді ғылыми зерттеулері конференция жинағындажариялануға ұсынылды.

№2 Хирургиялық аурулар және Паталогиялық анатомия кафедрасының үйірме жетекшісі, «Жалпы медицина» мамандығының 5-курс студенті Кенжебай Әділет.


0
7752

пікірлер

пікір қалдыру үшін.