Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Астанада ғылыми-тәжірибелік конференция.

Астанада ғылыми-тәжірибелік конференция.

13 Мамыр 2016

Астана қаласында 2016 жылдың 14-15 сәуірінде " Астана Медициналық Университеті " АҚ базасында жас ғалымдар мен студенттердің халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференцияға Қазақстанның және жақын шетелдердің медициналық жоо-ның студенттері мен жас ғалымдар қатысты. Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша: хирургия, терапия, педиатрия, акушерлік және гинекология, спорттық медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, химия, анатомиялық-биологиялық және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер бойынша жүргізілді.

Конференцияға Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университетінен "Хирургиялық және аралас пәндер секциясы бойынша "  қатысушылары  Жалпы медицина және Стоматология факультетінің 4-5 курс студенттері: Э. Р. Ташметов (4 курс), В. В. Трошин, Паньков В. С., А. Ж. Алтынбаев ( 5 курс). Секция жұмысының бірінші күні 19 баяндама тыңдалды. Баяндамалар хирургия, травматология, эндоскопия және стоматологияның түрлі аспектілеріне арналды: "Күйiкке шалдыққаннан кейiнгi коентрактурларды жаңа емдеу тәсілі " Нурмашева Ж. Ж., "Тәжірибелік және зертханалық жағдайларда мәйіттердің ахилл сіңірлеріне GIFTBOX әдісінің эксперименталды дәлелі"  Жаксымбетов Д. Б., Сабыков Д. К., "Балалардағы өкпе эхинококкозі кезіндегі торакоскопия "  Паньков В. С.

  Комиссия мүшелерінің бірауызды шешімімен I орынды ҚММУ 5 курс студенті В. В. Трошин «Интраабдоминалды гипертензияның  грамтеріс микрофлораның айналымына әсері және пресептикалық жағдайдың алғашқы диагностика жасау мүмкіндіктері» тақырыбындағы баяндама жасап, №2 хирургиялық аурулар және патологиялық анатомия кафедрасының ассистенті, медицина ғылымдарының магистрi Д.Н. Матюшко жетекшілігімен, ІІ орынды "АМУ" АҚ  студенттеріне  "Тәжірибелік және зертханалық жағдайларда мәйіттердің ахилл сіңірлеріне GIFTBOX әдісінің эксперименталды дәлелі" тақырыбында баяндама жасаған, III орынды ҚММУ 5 курс студенті В. С. Паньков."Балалардағы өкпе эхинококкозі кезіндегі торакоскопия " тақырыбындағы баяндама, балалар хирургиясы кафедрасының доценті, м.ғ.к. Х. Б.  Бисмильдин жетекшілігімен.

В.В. Трошин

5-083  тобының студенті

Жалпы медецина және стоматология факультеті.

0
7854

пікірлер

пікір қалдыру үшін.