Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ – ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНІҢ СУБЪЕКТІСІ

АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ – ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНІҢ СУБЪЕКТІСІ

13 Мамыр 2016

2016 жылдың 11- 25 сәуірі аралығында  №2 Балалар аурулары кафедрасының  меңгерушісі,  м.ғ.д., профессор Б.Т. Түкбекова және м.ғ.д., профессор С.Б. Дюсенова академиялық  ұтқырлық  аясында  Қазан мемлекеттік медицина академиясына барып келді.  Онда педиатрия және неонатология кафедрасында  интерн- педиатрлармен семинар  өткізілді.  Сонымен қатар,  білім алушыларға интерактивті  (TBL, CBL) оқыту әдісі бойынша дәріс- презентациялар ұсынылды.  Сабақтар клиникалық  көп салалы балалар ауруханасының клиникалық базасында жүргізілді. 

Осы күндері Татарстан Республикасының  денсаулық сақтау  министрінің,  ғалымдардың, Ресей  денсаулық сақтау саласының ұйымдастырушыларының қатысуымен  «Педиатрия және неонатологияның өзекті мәселелері»  тақырыбында Қазан мемлекеттік медицина академиясының  педиатрия және  неонатология кафедрасының 60 жылдығына арналған халықаралық ғылыми- практикалық  конференция  өтті.  Біздің  баяндама  Қазақстандағы  дәрігерлерді  дайындау жүйесіндегі  педиатриялық контентке арналды.  Балалар тәжірибесінде емдеу- диагностикалық үдерісті талдау дағдысын және  білім алушылардың  клиникалық құзыреттілігін қалыптастыру үшін «ТАМЕ - Медициналық  қателіктерді  болдырмау»  негізгі  компонент  болып табылғандықтан,  Халықаралық жобаның жүзеге асырылуында  Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университетінің  қатысуы туралы ұсынылған ақпарат үлкен қызығушылық  тудырды.  Жұмыс нәтижесінде  ғылым және тәжірибе,  білім алу саласында біздің оқу орындары арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


0
7321

пікірлер

пікір қалдыру үшін.