Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Атом қауіпсіздігі» зияткерлік ойыны

«Атом қауіпсіздігі» зияткерлік ойыны

13 Мамыр 2016

5 мамырда «Атом қауіпсіздігі» тақырыбында зияткерлік ойын болып өтті. Ойынға KazMSA мүшелері қатысты және келген қонақтар ойынды бағалады. Әділ-қазылар алқасы құрамына жастармен жұмыс жөніндегі бөлім мамандары Әсел Айтжанқызы Мамбетова және  Ирина Ивановна Милаева болды.

Қатысушылар 4 топқа бөлінді: медиктер, фукусимо, біздегі атомдар және энерджи.

Ойын 2 кезеңнен құрылды:

1)  Сұрақ – жауап.

2)  Шығармашылық кезең.

Қорытындысында әділ-қазылар алқасы жеңімпаздарды таңдады:

I орын- Фукусимо

II орын- Энерджи

III орын – Біздегі атомдар

Әрбір командаға мадақтама табысталды және естелікке фото жасалды.

Ойын KazMSA мүшелерінің ерлер қауымын Отан қорғаушылар күні мерекесімен құттықтаумен аяқталды.  

Дариға Жетписбаева

1-003 ЖМ тобының студенті


0
7355

пікірлер

пікір қалдыру үшін.