Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
“SCIENCE4HEALTN” 2016 VII Халықаралық ғылыми конференция

“SCIENCE4HEALTN” 2016 VII Халықаралық ғылыми конференция

12 Мамыр 2016

 2016 жылдың  12-15 сәуірі  аралығында  Мәскеу қаласынның РХДУ –да  “SCIENCE4HEALTN”  Халықаралық  конференциясы өтті. Ол әлем профессорлары мен академиктерінің, жас ғалымдардың қызығушылығына ие болғандықтан ең беделді, әрі инновациялық конференция болып табылады.

  Конференция қатысушылары - Ресей, Қазақстан, Венгрия, Грузия, Украина, Германия, Чехия студенттері, магистранттар және клиникалық ординаторлары.

  ҚММУ-нен жалпы медицина және стоматология факультеті  3-054 тобының студенттері Амина Байкатова мен Юлия Тихонова қатысты. Ғылыми жетекшілері: кафедра меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Майда Масхаповна Тусупбекова, ассистент, 1-біліктілік санатына ие  дәрежелі дәрігер-патологоанатом Ким Нелли Борисовна.

  Конференция барысында ашық ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауына, фармацевтика және стоматология ғылымдары бойынша мануалды машықтану олимпиадаларына, әлемнің жетекші ғалымдарының дәрістеріне қатысу мүмкін болды.

  Конференция қорытындысы бойынша қатысушыларға  ISBN беріле отырып, конференция материалдарының жинағына ие болды. Аталған жинақ Ресей Кітап Палатасына және барлық ірі кітапханаларға сақтауға жіберілді.

  Амина Байкатова мен Юлия Тихонова жоғары деңгейдегі баяндамалары үшін I - дәрежелі дипломмен марапатталды.

  ҚММУ басшылығына, атап айтқанда, университет профессоры, ректор Р.С.Досмағамбетоваға, ғылыми жетекшісі Н.Б Кимге, М.М.Тусупбековаға жетекшілік ететін ХБ №2 және патологиялық  анатомия кафедрасының  ғылыми үйірмесіне халықаралық конференцияға қатысуға мүмкіндік жасаған үшін зор алғыс білдіреміз.

  Халықаралық конференциядан алған тәжірибе ҚММУ студенттерінің әлемнің ірі медициналық ЖОО  өкілдерімен жоғары деңгейде бәсекелесе алатынын көрсетті.                                                 


0
8357

пікірлер

пікір қалдыру үшін.