Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Жеңіс күні құтты болсын!

Жеңіс күні құтты болсын!

12 Мамыр 2016

Елімізде Жеңіс салюты атылған күннен бері 71 жыл өтті. Бүгінгі күні жастар Отанымыздың намысын қорғап қалған қаһармандарды құрметпен еске алады. 

5 мамыр күні Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған концерт өтті.

Мерекелік концертті домбыра оркестрі ұжымы бастады. Құрметті қонақтар –университетімізде қызмет еткен ардаргерлер, тыл ардагерлерін қуанту үшін болашақ дәрігерлер өлеңдер оқыды, ән айтты және би биледі.  Концерттік бағдарлама барысында кеңестік әскери фильмдерден үзінділер, Ұлы Отан соғысының фотолары және ұрыс кадрлары көрсетілді.

Майдандағы жауынгерлердің өмірін көрсеткен театр өнері үйірмесінің миниатюралары мерекеге жиналған көрермендердің назарын аударды.  Концерт соңында «Жеңіс күні» әнін орындау үшін концерттің барлық қатысушылары сахнаға шықты, ал көрермендер әнді түрегеп тұрып тыңдады.

Соғыс, коршау қаһармандарын және соғыс уақытының балаларын зал қол соғып шығарып салды.

Темірлан Саматов

3-001 ҚДС тобының студенті 


0
8265

пікірлер

пікір қалдыру үшін.