Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Ынтымақтастықтың ізгі дәстүрлері

Ынтымақтастықтың ізгі дәстүрлері

11 Мамыр 2016

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті (Қазақстан Республикасы) мен Н.А Некрасов атындағы Кострома мемлекеттік университеті (Ресей Федерациясы) арасындағы  оқу және мәдени, ғылыми ынтымақтастық  шартқа  қол қойылғанына биылғы жылы 5 жыл толып отыр.

Шарт оқу орындарының зияткерлік мүмкіндіктерін бірлесе пайдалану және қызметтің барлық саласында өзара қолдау, өзара тиімді және тең құқылы оқу, мәдени, ғылыми ынтымақтастық жөнінде Қарағанды мемлекеттік медицина университеті мен Н.А Некрасов атындағы Кострома мемлекеттік университетінің ынтымақтастығын ұйымдастыру мақсатында «Мәдениеттер диалогы - Диалог мәдениеті» X халықаралық апталығы (қыркүйек, 2011ж) мерейтойында жасалды.

Кострома мемлекеттік университетінің 2013 жылы қарашада 95 жылдығы атап өтілді.

Оның қабырғасында атақты ғалымдар ғылым жолын бастап, оқу орны ғасырлық тарихында мыңдаған мамандарды дайындаған. Мұнда филологтар С.М. Бонди мен В.Ф. Шишмарев, заңгер Ю.П. Новицкий, өнертанушы А.И. Некрасов, математик Д.А. Райков, зоолог А.Л. Зеликман, психолог Ф.Т. Куимов және т.б. еңбек етті.

Н.А. Некрасов атындағы  КМУ Кострома ауданындағы классикалық жоғары кәсіби білім беру, инновациялар мен ғылым орталығы, қарқынды дамушы оқу орны болып табылады. Н.А. Некрасов атындағы  КМУ білім беру жаңа ғылыми жетістіктерге негізделеді. Университет шетелдік ғылыми және білім беру ұйымдарымен, Ресей ғылым академиясының бүкіләлемдік танымал зерттеу орталықтарымен тиімді ынтымақтастықтың көп жылдық тәжірибесіне ие.

Университетте сапалы білім алу үшін барлық жағдайлар жасалған: компьютерлік сыныптар, мамандандырылған зертханалар, лингафонды бөлмелер, заманауи дәрістік аудиториялар, сирек оқулықтармен  жабдықталған бөлімдер мен заманауи оқырман залдары, Президенттік кітапхана өкілдігі, көрмелік және концерттік залдар, университет тарихы мұражайы.

Жемісті ынтымақтастығымыз уақытында Н.А. Некрасов атындағы КМУ-де «Мәдениеттер диалогы -Диалог мәдениеті» бірнеше халықаралық апталығы өткізілді. Фестивальдің негізгі мақсаты - бірыңғай білім беру және ғылыми кеңістікті қалыптастыруда мәдениет аралық қатынасты жақсарту, қоғам мен ғылым арасындағы диалогты орнату болып табылды.

Танымал ғылыми дәрістерде, мастер-кластарда, дөңгелек үстелдерде, презентациялар мен интерактивті алаңдарда өздерінің ғылыми іздену нәтижелерін Арменияның, Беларустің, Германияның, Қазақстанның,  Польшаның, Ресейдің, Украинаның, Чехияның жетекші ғалымдары халықаралық апталық қонақтарына таныстырды.

Жаратылыстану факультетінің бір күнінде Н.М. Харисова «Физиология және медицина» секциясының қатысушылары мен қонақтарын «Қазақстанда физиологияның даму келешегімен» таныстырды. Сонымен қатар, олардың назарларына Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің тарихы мен дәстүрлері туралы бейнефильм ұсынылды.

Екі жоғарғы оқу орнының профессорлық-оқытушылық құрамы ынтымақтастық кезеңінде келесі форумдарға қатысты:

1. 

Харисова Н.М.

Жас спортшылардың кардиореспираторлық жүйесінің бейімделу реакцияларының механизмдерін оқу.

(секциялық отырыс)

 «Мәдениеттер диалогы - Диалог мәдениеті» X халықаралық апталығы. Н.А. Некрасов атындағы Кострома мемлекеттік университеті – Кострома, 5-10 қыркүйек 2011ж.

2. 

Харисова Н.М., Миндубаева Ф.А.

және т.б.

Қазақстанда физиологияның даму келешегі.

(«Физиология және медицина» секциясы жаратылыстану факультеті күні). Қатысушы сертификаты алынды.

 «Мәдениеттер диалогы - Диалог мәдениеті» XI халықаралық апталығы. Н.А. Некрасов атындағы Кострома мемлекеттік университеті – Кострома,  11.09. 2012ж.

3. 

Крекешева Т.И., Еримбетов С.Т., Харисова Н.М., Харисова Л.М.

Өскелең ұрпақтың денсаулығын нығайту мен сақтаудың медициналық-биологиялық және әлеуметтік аспектілері. Қатысушы сертификаты алынды.

Еңбек гигенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығының 55 жылдығына арналған «Еңбек, экология және халық денсаулығы» атты халықаралық қатысумен өткен Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция. - Қарағанды, 5-6 қыркүйек 2013ж.

Спортпен және дене шынықтырумен айналысатын студенттердің тұлғалық ерекшеліктері мен әр түрлі бағытта спортпен айналысатындардың кардиореспираторлық жүйесінің функционалдық көрсеткіштеріне спорттық маманданудың әсерін анықтау бойынша бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыруда жоғарғы оқу орындары арасындағы ынтымақтастық жалғасуда. Ғылыми жобалар нәтижелері әр түрлі дәрежедегі журналдарда жарияланды.

1. 

Н.М Харисова,

Л.М.Харисова,

Ф.А. Миндубаева

Л.Т Мусина

Спортшылардың жүрек-қантамыр жүйесінің функционалдық көрсеткіштеріне спорттық маманданудың әсері

//«Медицина және фармация» секциясы «Заманауи әлемдегі ғылым және оның ролі» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары. 29 қаңтар 2010 жыл, т.4. – 295-299 б.

2. 

Л.М. Харисова,

Н.М Харисова

Студенттің комуникативтік мәдени тұлғасының дамуы

// «Медицина және фармация» секциясы «Заманауи әлемдегі ғылым және оның ролі» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары. 29 қаңтар 2010 жыл, т.4. – 406-411 б.

3. 

Харисова Н.М.,

Харисова Л.М., Абушахманова А.Х., Крекешева Т.И.,

Кузьмин А.Ф., Миндубаева Ф.А.

Әр түрлі бейіндік спортшылардың респираторлық жүйесінің бейімделу реакциялары

(мақала).

// Медицина және экология. – 2012. – № 4.  – 12-15 б. 

4. 

Крекешева Т.И., Еримбетов С.Т.,

Харисова Н.М.,

Харисова Л.М.

Өскелең ұрпақтың денсаулығын нығайту мен сақтаудың әлеуметтік және медициналық-биологиялық аспектілері.

Еңбек гигенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығының 55 жылдығына арналған «Еңбек, экология және халық денсаулығы» атты халықаралық қатысумен өткен Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция. - Қарағанды, 5-6 қыркүйек 2013. –69-71 б.

5. 

Kharissova N.,

Kharissova L.,

Kosibaeva A.,

Mindubaeva F.

The physical culture as the basis of a healthy lifestyle among students

Georgian  Medical News Journal
Тбилиси – Нью-Йорк

 No 4 (241) Апрель 2015, p. 68-72

Медицинские новости Грузии

ТБИЛИСИ- NEWYORK

Tbilisi- NEW YORK

6. 

Миндубаева Ф.А., Харисова Н.М.,

Комкина Е.Г.,

Смирнова Л.М.,

Смирнов И.Н.  

Студенттердің тұлғалық ерекшеліктеріне спорт пен дене шынықтырудың әсері

Халықаралық эксперименттік білім беру журналы,
№4 (2 бөлім), 2016, 244-248  б. (Секция: Педагогикалық ғылымдар)

КМУ (Кострома) мен Көпсалалы Гуманитарлы-Техникалық Университет (КГТУ) машықтану және оқу үдерістерінде қолданылады, екі серіктес ЖОО өкілдері 3 енгізу актлерін алды, бұлар:

  1. Кардиореспираторлық жүйе қызметінің бейімсіздену бұзылысымен бұлшықет әрекетіне бейімделудің көп жылдық үрдісінің әр түрлі кезеңдерінде спортшылар арасындағы қауіп-қатер топтарын бөлу және кардиореспираторлық жүйе күйінің өзгеруін бағалау критерийлерін жасау.
  2. Спортшылардың спорттық қызмет тәжірибесіне тыныс алу жаттығулары әдістемесін енгізу: бұлшықет жұмысында ерікті ауа алмасуының азаюы, қосымша «өлі кеңістік» арқылы тыныс алу, тыныс алуға қарсылық білдіру.
  3. Спортшылардың спорттық жұмыс тәжірибесіне тыныс алуды жаттықтыру үшін тыныс алуды ерікті кідірту әдістемесін (гиперкапниялық жаттығулар) енгізу.

Н.А Некрасов атындағы Кострома мемлекеттік университеті студенттерінің біліктілік бітіру жұмыстарына рецензия берілді:

  1. А.Л. Андронов «Әскери қызметкерлердің кәсіби-қолданбалы физикалық дайындығы» (2013)
  2. С.М. Румянцев «Футболшылардың спорттық дайындығында айналма әдісінің қолданылуының ұйымдастырушылық-педагогикалық шарттары» (2013)
  3. А.В. Дунаев «Жаңа ФГОСТ енгізу шарттарында дене тәрбиесін ұйымдастыру ерекшеліктері» (2013)
  4. Г.Р. Айвазян «Бастапқы дайындық кезеңінде қоян-қолтық ұрысқа арнайы физикалық дайындық» (2013)
  5. Д.И. Абецкий «Остеохондроз кезінде адам ағзасының физиологиялық параметрлеріне массаждың әсері» (2015)
  6. Д.О. Макаров «Ескекшілердің спорттық жаттығулары барысында жылдамдық-күш сапасының дамуы» (2015)

ҚММУ мен Н.А Некрасов атындағы КМУ арасындағы ғылыми-тәжірибелік және білім беру жобаларын жүзеге асыруда өзара қызметті қарастыратын ынтымақтастық жөнінде екі жақты келісім шеңберінде 2016 ж. наурыз-сәуір айларында өзара оқытушылар алмасты: Қарағанды мемлекеттік медицина университеті физиология кафедрасының доценті, б.ғ.д., Харисова Нурия Мансуровна мен Н.А. Некрасов атындағы Кострома мемлекеттік университетінің спорт және дене шынықтыру кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., профессор Смирнова (Харисова) Лилия Мансуровна.

Оқытушылардың академиялық алмасуын жүзеге асырудың маңызды бағыттары -  серіктес оқу орындары өкілдерінің мастер-кластар мен семинарлар өткізуі, студенттер мен оқытушылар үшін спорт және дене шынықтырудың, физиологияның өзекті мәселелері бойынша дәрістер оқу; бірлескен тақырыптар шеңберінде ғылыми жұмыстарға қатысу, бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларды жүзеге асыру; біліктілікті арттыру бағдарламаларына қатысу; тағылымдамадан өту; семинарлар мен конференцияларға қатысуды жүзеге асыру.

Л.М. Смирнова ҚММУ студенттерінің назарына «Оқу орындарындағы жаппай спорт», «Студенттерді кәсіби және жалпы мәдени дайындаудағы дене шынықтыру» тақырыптарын ұсынды. Мәліметтерде дене шынықтыру терминдері, негізгі түсініктері қамтылған. Дене шынықтыру түрлері және оның құндылықтары  ашылған. Тарихи шолу. Студенттердің дене шынықтыруына кеңінен тоқталған. «Физикалық белсенділік», «Жаппай-спорттық дене шынықтыру-сауықтыру әрекеті», «Физикалық үзіліс», «Кәсіби-қолданбалы физикалық дайындық» түсініктері ашылған.

Қарағанды мемлекеттік медицина университетімен қызметтес серіктес-оқу орны Н.А. Некрасов атындағы Кострома мемлекеттік университеті туралы, спорт және дене шынықтыру кафедрасының жұмыстары жөнінде презентация ұсынылды. «Дене шынықтыру» пәнінің типтік бағдарламасына сәйкес ҚММУ университеттің дене тәрбиесі және медициналық реабилитология кафедрасының оқытушылары доцент А.В Климов., Л.В. Коваленкомен бірге тәжірибелік сабақтар өткізді.

Лилия Мансуровна ҚММУ дене тәрбиесі және медициналық реабилитология кафедрасының спорттық базасының жақсы жабдықтандырылғанын атап өтті: ауыр атлетика, гимнастика, күрес, спорттық ойындар, теннис, арнайы топтар студенттерінің  жаттығу залы. Қажетті шаңғы құралдарымен жабдықталған шаңғы залы, пневматикалық винтовкамен атуға арналған тир, жасанды футбол алаңы бар.

ҚММУ студенттеріне арналған кафедраның жаппай-спорттық жұмыс жоспары секциялық жұмыстардан жарыстарға дейінгі әр түрлі қызметті қамтыған, оларға спорттың келесі түрлері кіреді: волейбол, баскетбол, үстел теннисі, фитнес, футбол, жекпе-жек, ұлттық спорт түрлері т.б.

Университеттің дене тәрбиесі және медициналық реабилитология кафедрасының оқытушылары өздерінің әдістемелік нұсқаулықтарын ұсынды: «Дене шынықтыру сабақтарындағы ауыр атлетика», «Дене шынықтыру сабақтарындағы волейбол», «Нефроптоз және пилонефрит студенттердің дене тәрбиесі», «Дене шынықтыру сабақтарындағы шағын футбол», «Дене шынықтыру сабақтарындағы жеңіл атлетика» және т.б.

Л.М. Смирнова Н.А. Некрасов атындағы КМУ спорт және дене шынықтыру  кафедрасының ПОҚ оқу құралдарын ұсынды

1.  С.Г. Уразова Ресей олимпиада қозғалысының бастауында //Арнайы курс.  -  Кострома. -  2002. - 38 б.

2.  С.Г. Уразова Дене шынықтыру факультеті студенттерін олимпиадалық дәстүрде тәрбиелеу // п.ғ.к ғылыми дәрежесін қорғауға диссертациялықавтореферат.– Кострома. -  2004. -  24 б.

3.  Н.В Новожилов., С.Г. Уразова Дене шынықтыру-спорттық ғимарат//Оқу құралы. -  Н.А. Некрасоватындағы КМУ. – 2008. - 38 б.

4.  С.М Нуртдинов., С.Г. Уразова Дене шынықтырутарихы. Денсаулық мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға дене шынықтыру және спорт тарихи очеркі // Оқу құралы- Н.А. Некрасоватындағы КМУ. – 2008. - 42 б.

5.  С.А Морозов., И.В Савченко., И.В Самаков., И.Н Смирнов., Л.М Харисова., В.Н Чернобривцев Дене шынықтыру және спорт тарихы. Отандық дене шынықтыру және спорт тарихы. // Оқу құралы. – Кеңес одағының маршалы С.КТимошенко атындағы химиялық қорғаныс әскери академиясы -  Кострома. - Академия баспасы. -  2012. - 136 б.

6.  С.А Морозов., А.В Борисов., А.В Зыков., С.Г Уразова., И.Н Смирнов., В.В Двоенко., Л.М Харисова Гимнастиканы оқыту әдістемесі мен теория негіздері. // Оқу құралы. - Кеңес одағының маршалы С.К Тимошенко атындағы химиялық қорғаныс әскери академиясы - Кострома. -  Академия баспасы. -  2012. -  210 б.

7.   Н.А. Некрасов атындағы Кострома мемлекеттік университетінің 95 жылдығына орай жарияланған кітап. -  Кострома. -  2013. -  96 б.

Н.М. Харисова Н.А. Некрасов атындағы Кострома мемлекеттік университетінің спорт және дене шынықтыру кафедрасына педагогикалық шеберлік тәжірибесімен алмасу, дәрістер оқу, Н.А. Некрасов атындағы КМУ «Дене шынықтыру» бағытында (бейін) педагогикалық білім беруге дайындау бойынша күндізгі оқу бөлімі студенттеріне семинарлар өткізу мақсатында шақырылған.

Бағдарламаны өткізу барысында «Дене шынықтыру» бағытында педагогикалық білім беруге дайындау бойынша күндізгі оқу бөлімі студенттеріне физиологиядан аудиториялық және аудиториядан тыс (80 сағат) сабақ өткізілді: дәрістер оқу, зертханалық (тәжірибелік) сабақтар өткізу.

Барлық іс шаралар м.ғ.к, экология және биология кафедрасының доценті Андрей Фёдорович Кузьминнің жетекшілігімен, бекітілген кестеге сәйкес, байланысу оқыту үлгісінде күн сайын өткізіліп отырды.

Сабақтарды өткізу үшін таңдалған тақырыпқа сәйкес келетін оқытудың кез келген әдістерін қолдану мүмкіндігі ұсынылды. Дәрістер оқу мен семинарлар өткізу барысында әр түрлі әдістемелер (TBL, PBL) инновациялық педагогикалық технологиялар, оқытудың проблемалы-іздестіру тәсілдері қолданылды.Дәстүрлі оқыту әдістерге қарағанда, ақпараттың қарқындылығын, көрнекілігін, көлемі мен жоғарғы деңгейін қамтамасыз еткен слайд-фильмдер, интернет ресурстары пайдаланылды. Оқу үдерісі дәріс, презентация, зертханалық сабақ түрінде өтті. Дәріс оқитын аудитория мультимедиялық техникамен жабдықталған.

Н.М. Харисова «Физиология» және «Спорт және дене тәрбиесі физиологиясы» пәндерінен семинарлар өткізіп, дәрістер оқыды. Семинарлар мен дәрістер тақырыптары  әр түрлі болады: «Асқазанның эвакуаторлық, моторлық, секреторлық қызметінің реттелуі»; «Бауырдың ас қорытудағы ролі»;  «Бүйрек физиологиясы, Несеп түзілу механизмі»; «Несеп шығару және несеп түзілудің реттелуі. Несеп шығару мен несеп бөлінудің жас ерекшеліктері»; «Спорт және дене тәрбиесі физиологиясы»; «Ағзаның резервтік мүмкіндіктері мен дене жүктемелеріне бейімделуі»; «Бейімделудің функционалды жүйесі»; «Аэробты бағытталған ұзақ дене жүктемелеріне адам ағзасының бейімделу механизмдері»; «Спорт әрекеті кезіндегі ағза жағдайының физиологиялық сипаттамалары»; «Дененің жұмысқа қабілеттілігі түсінігі және оны анықтаудың әдістемелік тәсілдері».

КМУ жетекші оқытушыларының тәжірибелік сабақтары мен дәрістеріне қатысып, Кострома қаласындағы әріптестердің педагогикалық әдістемесімен, оқу-әдістемелік мәліметтермен танысу, КМУ студенттерімен сұхбаттасу өтті.

«Спорт және дене тәрбиесі физиологиясы» циклы бойынша тағылымдама өтілді (108 сағат).

ҚММУ физиология кафедрасында Moodle (Modular Object-Oriented Dynamic Learning Environment) қашықтықтан оқыту ортасын  енгізуге жауапты ретінде Н.М. Харисова қашықтықтан білім беру технологиясын қолдайтын бөлім басшысы Алексей Александрович Пигузовқа ұсынылды. Ол студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруға, кез келген күрделі тестілеуді өткізуге, студенттерді оқу және әдістемелік материялдармен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін  қашықтықтан оқыту жүйесімен таныстырды. Олар сапалы дистанциялық курстар жасауға арналған Moodle қашықтақтан оқыту ортасын пайдалану кезіндегі оқу сабақтарын өткізу тәжірибесімен алмасты. Н.М. Харисованың өтініші бойынша ҚММУ компьютерлік орталығы Moodle бағдарламасының түрлендірілген V 2.9.3 нұсқасы енгізетін болады (2016 ж жаз кезінде).

Студенттердің академиялық ұтқырлығын жүзеге асыру шеңберінде, Н.А. Некрасов атындағы Кострома мемлекеттік университетіне оқуға (2-семестр) Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің «Биология» мамандығының 1-курс студенттері Диана Дубина мен Дарья Чунихина барды. Олар үшін КМУ деканаты оқу пәндері бойынша жеке күнтізбелік-тақырыптық жоспар құрды. Семестр аяқталған соң студенттер жазғы өндірістік (ақпараттық-биологиялық) тәжірибеден өтеді.

Қарағанды қаласының өкілдері (Д. Дубина, Д. Чунихина, Н.М. Харисова) үшін мәдени бағдарлама әр түрлі болды.

КМУ педагогикалық білім беру кафедрасының доценті, п.ғ.к Коршунова Ольга Сергеевна  Кострома қаласының тарихи орталығына саяхат жасады. Орталықтың көне көшелерін аралап, қала тарихымен таныстық, бұрынғы аңыздар мен мифтерді тыңдадық. Біз қала орталығының тарихи орталығын, Воскресенская мен Сусанинская алаңдарын, Богоявленско-Анастасья әйелдер монастырын, Волга мен Кострома жағалауларын, атақты сауда реттерін, XVII ғасырдың ескі ғибадатханаларын, көпестік жекежайлар, ескі кремл аумағын, А.Н Островский атындағы атақты театр және т.б көрдік.

Сумароково бұлан фермасына сапар ұйымдастырылды. Сумарокова бұлан фермасы аса ерекше жер болып табылады, себебі, мұнда жануарлар қоралар мен қашаларда емес, орманда еркін жүреді. Сумароково бұлан фермасына күн сайын туристтер өте көп келеді. Ферма Костроманың ғана емес, Ресейдің көрікті жерлерінің бірі болып табылады.

Ресейдің ең көне театрларының бірі, А.Н Островский атындағы драма театры сахнасынан «Пигмалион, немесе өзіңе әйел жасама» екі көріністі комедиясын тамашаладық (Қоюшы-режиссёр: Елена Сафонова).

Н.А. Некрасов  атындағы КМУ биотехнология оқу-ғылыми зертханасына бардық, мұнда зертхана меңгерушісі, ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты, аға ғылыми қызметкер Дмитрий Николаевич Зонтиков клонды микрокөбею технологиясымен таныстырды.

2016 жылғы 26 наурызда біз Кострома қаласының жалпы білім беретін мектеп оқушыларымен «Олимпиадалық сабақ» пен «ГТО белгісінен олимпиада медаліне дейін» спорттық мерекесін ұйымдастыруға, Н.А. Некрасов атындағы КМУ спорт және дене шынықтыру кафедрасының оқытушылары мен студенттерімен бірге «КМУ Университеттік сенбілігі» оқу-ағарту жобасына қатыстық.

Студент, олимпиада ойындарының күміс жүлде иегері Торлопова Надежда мен дене шынықтыру факультетінің түлегі, Олимпиада чемпионы, Кострома облысының ГТО аймақтық елшісі Александр Голубев кеш қонақтары болды.

Барлық іс-шаралар спорт және дене шынықтыру кафедрасының меңгерушісі, профессор Л.М. Смирнов басқаруымен өтті.

Студенттер мен оқытушылардың ұтқырлығын кеңейту ҚММУ халықаралық ынтымақтастығының жетекші аспектілерінің бірі болып табылады, себебі, қазіргі таңда ұтқырлық әлеуметтік-мәдени халықаралық алмасу және интернационализация ЖОО-ның білім беру, ғылыми-зерттеушілік және мәдени-ағартушылық қызметінің маңызды көрсеткіші болып табылады. Интернационалдандыру және біріктіру үдерістерін жүзеге асыру жолдары жоғарғы білім саласында нақты ЖЖО-ның шынайы шарттары мен мүмкіндіктеріне қарай анықталады.

ҚММУ-де халықаралық қызметтің аталмыш бағыты бірінші кезекте Н.А. Некрасов атындағы Кострома мемлекеттік университетімен ынтымақтастық жөнінде ұзақ мерзімдік келісімдер шеңберінде жүзеге асырылады.

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті физиология кафедрасының доценті, б.ғ.к.

_____________

Н. М. Харисова


0
8818

пікірлер

пікір қалдыру үшін.