Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Жарақатсыз өмір

Жарақатсыз өмір

04 Мамыр 2016

2016 жылдың 15 сәуірінде «Жарақатсыз өмір» дөңгелек үстелінің отырысы болып өтті.

«Ең бастысы ауруды емдеу  емес, оған жол бермеу, сондықтан біз жарақаттанудың алдын алу туралы сөйлесу үшін жиналып отырмыз» - деді Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің  қауіпсіздік  техникасы бойынша инженері - Думан Жұмажанұлы Мейрманов. Өз денсаулығыңа ұқыпты қарау сұрақтарына арналған дөңгелек үстел бойынша қорытындылай келе түйін жасады. Жайлы жағдайда жиналған дөңгелек үстелге қатысушылар осы туралы сөз қозғады. Осы тақырып бойынша барлығы білу қажет негізгі түсініктер айтылды. Одан әрі студенттік кезеңдегі жағдайларда қалай жарақаттан аман қалу керек, баспалдақтардан бастап зертханаға дейінгі жағдайлардағы өзіміздің денсаулығымызды қалай күтуіміз керек екендігін  өміріміздің соңына дейін білетін боламыз.  Отырыс кезінде Қазақстан Республикасының Конституциясын әңгімелеуге ауысты. Жарақатқа жол берегенде, әрқашан жарақаттанушы жауап бермейтінін түсінген абзал. Ондай жағдайда жарақат өндірістік болып саналатындығын түсіндірді, медициналық қызметкерлердің барлығы үшін ішкі техникалық қауіпсіздік курсымен қысқаша таныстырып өтті.

 Қорытындылай келе, біз жақсы көңіл күйге бөлендік, ең бастысы өмірді сақтайтын, қиындығы мол жұмыста өзімізді жарақаттануға итермелемеу керек деген нұсқауымен қорытындыладық.

Дөңгелек үстелге белсене қатысқандарға алғыс хаттар берілді және баяндамашыға үлкен алғысымызды білдіреміз.

Студенттер үшін толғандыратын тақырыптармен қайтадан кездесуді асыға күтеміз.

И. Фисенко 3056 ЖМФ

 «INSIGHT» пікірталас клубының жетекшісі


0
8654

пікірлер

пікір қалдыру үшін.