Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Жарақаттанушылық. Алғашқы дәрігерге дейінгі көмек» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы

«Жарақаттанушылық. Алғашқы дәрігерге дейінгі көмек» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы

04 Мамыр 2016

Отырыс «Самұрық» Студенттік Республикасының студенттердің мүддесі мен құқықтарын қорғау жөніндегі министрінің кіріспе сөзінен басталды.  Одан әрі Фарухходжа Хайдарходжаевтың  жарақаттанушылық кезінде алғашқы дәрігерлік көмек туралы бейнежазбасы көрсетіліп, дәріс оқылды. Онда жол-көлік оқиғалары кезінде жарақаттанудың себептері, олардың диагностикасы, емдеу және алдын алу шаралары көрсетілген, сонымен қатар, ЖКО бойынша ҚР 2014-2015жж. статистикалық мәліметтері ұсынылып, олардың салдары көрсетілді.

Одан кейін тыңдаушыларға «Алғашқы дәрігерге дейінгі көмек» зияткерлік ойынына қатысу ұсынылды. Ойынға қатысушылар екі командаға бөлінді, капитандарды таңдап, атын және ұранын ойлап тапты. Бірінші команда - «Мақажановтар», екіншісі «Динамит» деп аталды. Ойын үш турдан тұрды: 1 - тур – «Оқиға және Сіздің әрекетіңіз», 2 - тур -  «Өз ойыныңыз», 3 –тур - «Суырып салу». Бірінші турда командалар жарақаттанушылыққа байланысты сұрақтарға жауап беруі керек болды. Екінші тур анатомия, физиология, патофизиология, травматология сияқты пәндерге қатысты алғашқы дәрігерге дейінгі көмек бойынша сұрақтардан құралды. Үшінші турда командаларға  креатив, кәсібилік және әртістік шеберлік бағаланатын, берілген тақырыпқа сай шығармашылық қойылымды ойлап табу ұсынылды.

  Әділ қазылар құрамындағы  Нұрберген Беласаров, Мақпал Тоқтарбаева және Гүлнар Камашева үш тур бойынша командаларға баға берді.

  Ойын қорытындысы бойынша «Мақажановтар» командасы 580 ұпаймен жеңіске жетіп,  I – дәрежелі Дипломмен марапатталды. «Динамит» командасы 540 ұпаймен II – дәрежелі Дипломмен марапатталды.

  Командалардың белсенді қатысушыларына алғыс хаттар табыс етілді.

Г. Камашева

Студенттердің мүдделері мен құқықтарын қорғау жөніндегі министрліктің хатшысы


0
9615

пікірлер

пікір қалдыру үшін.