Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Иммунологияжәне аллергология кафедрасының студенттік ғылыми үйірмесінің ашық отырысы

Иммунологияжәне аллергология кафедрасының студенттік ғылыми үйірмесінің ашық отырысы

04 Мамыр 2016

ҚММУ стоматологиялық клиникасының базасында 2016 жылдың 22 сәуірі күні студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары шеңберінде иммунология және аллергология кафедрасының ғылыми үйірмесінің кеңейтілген ашық отырысы өтті. Кафедра ұжымының алдында тұрған негізгі міндет - денсаулық сақтау жүйесінің болашақ мамандарында аналитикалық және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту, оларға дәлелді медицинаның принциптерін және биомедициналық зерттеу әдістерін жетік меңгерту. Оқу жылы барысында ғылыми студенттік зерттеулер жетекшісінің мақсаты – студенттерді шешілуі тиіс сұрақтар мен проблемаларды өз бетінше анықтауға, қолда бар ресурстарды бағалауға және талдауға, сондай-ақ, оларды шешудің оңтайлы жолдарын таңдауға үйрету.

Бұлардың барлығы білім сферасы приоритетімен, сондай-ақ, ҚР Президенті, Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың білім саласында біздің алдымызға қойған басымдықтармен сәйкес келеді және біздің университеттің миссиясында да айқын көрсетілген.

Үйірме мүшелері - «Жалпы медицина» мамандығының 3,5 - курс студенттері, магистранттар, интерндердің оқу жылы барысында жүргізген жеке зерттеу нәтижелері бойынша баяндамалары тыңдалды. Әр баяндама студенттердің, отырысқа қатысқандардың тарапынан қызығушылық тудырып, көптеген сұрақтар қойылды.

Отырыс соңында кафедра меңгерушісі, м.ғ.д., доцент М.А. Газалиева студенттердің назарын білім сатысының барлық кезеңінде тиімді еңбек ету қажеттілігіне аударды, яғни, жас ұрпақтың бәсекелестікке қабілетті және болашақ тұтқасын өз қолында берік ұстауы керектігін қадап айтты. М.А. Газалиева үйірме қатысушыларына алғыс хат табыстады.

Иммунология және аллергология кафедрасы


0
8735

пікірлер

пікір қалдыру үшін.