Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ҚММУ магистранттары Лунд Университетінде (Швеция) тағылымдамадан өтті.

ҚММУ магистранттары Лунд Университетінде (Швеция) тағылымдамадан өтті.

03 Мамыр 2016

13 сәуір 22 сәуір аралығында Лунд қаласы Лунд университетінің базасында 1 және 2 оқу жылындағы 15 магистрант тағылымдамадан өтті. Лунд Университеті кеңейтілген ғылыми зерттеулер жүргізетін университеттерді біріктіретін Университас 21 бүкіл әлемдік жүйесіне кіреді.

Магистранттар жобалық менеджментке кіріспе, коммерциялау жөнінде профессорлардың дәрістерін тыңдады, университетпен танысты, Medicon Village, биоинкубаторға барып қайтты.

Мәдени бағдарлама аясында магистранттар Лунд қаласының көрікті жерлеріне барып қайтты: Лунд кафедралысоборы (Лунд соборы), «Kulturen» мұражайы, Санкт - Мария Минор шіркеуі, Ostra Vallgatan ботаникалық бағы.

ҚММУ магистранттары университет профессорларымен кәдесыйлар, сыйлықтармен алмасты.

Бағдарлама соңында барлық магистранттар Лунд қаласы Университетінде ғылыми- тағылымдамадан өту кені туралы сертификаттарға ие болды.

А. Р. Бейсенаева 2-ші оқу жылы магистранты 


0
9581

пікірлер

пікір қалдыру үшін.