Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Біздің интерндердің акад. И.П. Павлов атындағы РязММУ-дегі тәжірибесі

Біздің интерндердің акад. И.П. Павлов атындағы РязММУ-дегі тәжірибесі

29 Сәуір 2016

11.03.2016-08.04.2016 ж. ж. аралығында Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің 6-курс интерндері Қали Ақнұр, Абылканов Чингис, Аукенов Даурен, Джунусова Камила, Лоскутова Юлия, Ибрагимжанов Тулкинжан және Темирова Айзада сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде  Рязань қаласындағы акад. И.П. Павлов атындағы  мемлекеттік медицина университетінде гематология циклін өтіп келді.

Рязань қаласындағы акад. И.П. Павлов атындағы  мемлекеттік медицина университеті Ресей бойынша үздік 30 университеттің құрамына кіреді. «Гематология» циклі Рязань қаласындағы Облыстық клиникалық аурухана базасында өтті.

Рязань қаласының облыстық клиникалық ауруханасы  облыс бойынша негізгі емдік – профилактикалық мекеме болып табылады. Мұнда жоғары дәрежелі  хирургиялық және терапиялық  көмек көрсетіледі. Сонымен қатар, аталған мекемеде үлкен көлемде ғылыми жұмыстар, зерттеу жұмыстары жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта күрделі сырқаттарды диагностикалау және емдеуде жаңа үлгідегі әдістер, соңғы технологиялар  қолданылуда.

Біздің студенттерге гематология циклін  к.м.н., жоғары санатты дәрігер -гематолог, акад.  И.П. Павлов атындағы РязММУ факультеттік терапия доценті , гематология бөлімінің меңгерушісі Приступа Александр Сергеевич жүргізді.

Аталған университтеттің басшылығы біздің интерндерге тегін оқу және жатақханада тегін тұруға орын берді, одан басқа түрлі мәдени іс-шаралар өткізді. Рязань қаласының Кремлі көрсетілді, академик И.П. Павловтың  және С.А. Есениннің мұражай – үйінде кездесу болды. Мәскеу қаласында экскурсия жүргізілді.

Аталған базада бір айлық тәжірибеден  өту интерндерге өте қатты ұнады. Қан ауруларын емдеу және диагностикалаудың жаңа әдіс – тәсілдерін үйреніп, тәжірибе алмасып келді. Біз академик И.П. Павлов атындағы РязММУ-мен ынтымақтастық пен тәжірибе  алмасу  келешекте өз жалғасын табады деп сенеміз!

Интернатура факультетінің СӨБК 


0
9145

пікірлер

пікір қалдыру үшін.